Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сейсенбі күні, 2017 жылдың 18 шілдесінде Швейцария павильонында Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының қолдауымен жасөспірім ғалым астрофизик Исаак Муступуломен кездесу өтеді.

Құрметті журналистер!

Сейсенбі күні, 2017 жылдың 18 шілдесінде Швейцария павильонында Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының қолдауымен жасөспірім ғалым астрофизик Исаак Муступуломен кездесу өтеді. Қазақстандық оқушы мүгедектігі бар оқушыларға көмек беретін соңғы бастамасы туралы айтып береді.

Тараздың тумасы, 15 жасар Исаак Қазақстан жұртшылығына данышпан бала, жасөспірім ғалым астрофизик, Стивен Хокингтің өзімен кездесуге баратын оқушы ретінде белгілі. 8 айында Исаакқа ауыр дәрежедегі балалар милық салдануы, спастикалық тетрапарез, орталық жүйке жүйесінің шеткі зақымдануы, қылилық, астигматизм диагнозы қойылған. Исаак ерте сөйлеп бастайды да, оқуды үйреніп, әдебиет, одан кейін тарих, мифология және космологиямен әуестенеді. Үздік оқушы, мектеп пен қаланың қоғамдық өмірінің белсенді қатысушысы. Елдегі оқушылар арасындағы әртүрлі байқаулардың жеңімпазы.

Исаактың сөз сөйлеуі «Адамдар-кітаптар» форматында өтеді. Исаакпен бірге Ресей, Швейцария және шығыс Африканың оқушылары сөз сөйлейді. Спикерлер тыңдармандарға өздерінің оқиғаларын айтып береді.

 

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін тел.: 8 747 44 11 947

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017