Cипаттамасы

Халықаралық павильон / Ұлттық күн / Жапония

 

Көзіңізді жұмып қойып... Жапониядан бір-ақ шығыңыз!

Бір мезетте телепортация жасау EXPO 2017 Халықаралық көрмесінің барлық келушілеріне кепілдендіріледі.

Жапония күллі әлемге инновациялық технологияларымен ғана емес, сондай-ақ атам заманнан келе жатқан дәстүрімен белгілі. 22 шілдеде Жапонияның Ұлттық күні аясында көрме келушілеріне Күншығыс елінің мәдениеті таныстырылады. Бұл күні көрме алаңы Акира Курасаваның ертедегі фильмдері мен Нобору Игучидің футуристік киноновеллаларының атмосферасына батады. Дәстүрлі жапондық шеру, гейшалар биі және катананы шебер меңгерген самурайлар – осының барлығын Жапония әртістері көрсететін болады. Дәстүрлі жапондық музыка мен казіргі заманғы роктың үйлесімі – Wagakki Band бренді. Олардың «Senbonzakura» әні жапондық рок-чартын көш бастап келеді (Ғаламтор желісінде оны 45 миллион көрермен қараған екен). Өздерінің шеберлігін Osaka Stage труппасының актерлері паш етеді. Көріністің басты нөмірі танымал жапондық әнші әрі актер, "Astana EXPO 2017" көрмесіне арналған әннің авторы - Тацуо Камонның және Жапондық жаҺандық индустриалды және әлеуметтік прогресті зерттеу институты (Global Industrial and Social Progress Research Institute (GISPRI) қызметшілерінің құрама хорының өнер көрсетуі болмақ.

Көрме қонақтарына «DANCE VIEWSIC “EN”» дыбыстық-көріністік павильоны есігін айқара ашады.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017