Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде Италия «Пьемонте өңірі – жасампаздық пен үстемдіктің мысалы»Пьемонте өңірінің апталығын ұсынады

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде Италия «Пьемонте өңірі – жасампаздық пен үстемдіктің мысалы» Пьемонте өңірінің апталығын ұсынады

Осы апталық аясында «Энергетикалық біліктілік пен тәжірибе» дөңгелек үстелі өтеді.

Дөңгелек үстел 2017 жылдың 21 шілдесінде Италия павильонында өткізіліп, сағат 09:00 бастап барша келем деушілерге ашық.

Дөңгелек үстел аясында қатысушылар Пьемонте өңірінің қоршаған орта және инфрақұрылымды басқару тәжірибесімен бөлісіп, қала құрылысы мен қоғамдық инфрақұрылымды дамыту саласындағы жаңа жоғары технологиялық шешімдер туралы әңгімелейді.

Индустриалды өндіріс пен жерасты құрылыстағы жаңа «жасыл» технологиялар бойынша маманданатын Пьемонте өңірінің бизнес өкілдері тұсаукесерлерін ұсынады.

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Пьемонте апталығының ашылу салтанатын Италияның Солтүстік-Батыс өңірінің Президенті Джулия Маркон ханымы өткізеді.

Өңірдің энергетикалық, табиғи және инфрақұрылымдық құзыретінің тұсаукесерін Пьемонтенің агенттігінің «таза технологиялар» секторының жетекшісі Розанна Виола өткізетін болады.

Сондай-ақ Пьемонте өңірі қазақстандық өңірлермен белсенді ынтымақтастықты жүргізуге ниетті. Алғашқы қадамы ретінде осындай әріптестік құруға бағытталған шілденің 20 мен 22 аралығындағы үш күндік В2В сессиясының ұйымдастырылуын айтуға болады. Оның шеңберінде екі елдің арасындағы кәсіпкерлік бойынша қазақстандық компаниялар мен Пьемонте өңірінің іскер топтары арасындағы коммерциялық әріптестік әлеуеті талқыланатын 20 астам кездесу өткізіледі.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017