Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Empty title

Жұма күні, 2017 жылдың 21 шілдесінде сағат 11.00 ЭКСПО-2017 көрмесінің медиа-орталығында Жапонияның Ұлттық күнін мерекелеуге арналған баспасөз мәслихаты өткізіледі

Құрметті журналистер!

Жұма күні, 2017 жылдың 21 шілдесінде сағат 11.00 ЭКСПО-2017 көрмесінің медиа-орталығында Жапонияның Ұлттық күнін мерекелеуге арналған баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Баспасөз мәслихатына павильон өкілдерінен бөлек, Щямисени гагаку жапондық халық аспабының әйгілі орындаушылары қатысады. Олардың арасында Императорлық оркестрдің ең атақты музыканты – Тоги Хидэки. Оның ата-бабалары Нара императоры /710-794/басқарған кезеңінен бастап, барлық жапондық императорлар мен ақсүйектерінің алдында гагакуда ойнаған. Тоги Хидэки орындаушы ретінде ғана танымал емес: ол «гагаку» екі әуендерін қазіргі заманғы музыкаға бейімдеп, осы музыканың үнін джаз және электронды ырғақтармен араластырған. Оның өзіндік музыкалық қосындысында ескі аспаптар синтезатор, виолончель, электр гитарасы және контрабаспен бірге үндеседі.Тоги Хидэкимен бірлесіп күншығыс елінен әйгілі музыкант және композиторХиромицу Агацума келген. Ол саусағынан бал тамған цугару-дзямисэн(Жапонияның Цугару ауданында кеңінен тараған дәстүрлі үш ішекті аспап) аспабында ойнаушы әрі ескі аспапқа үнемі жаңа мүмкіндіктер іздеуші заманауи музыкант ретінде танымал.

Баспасөз мәслихатының соңында музыканттар журналистерге тосын сый әзірлеп қойды.

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтамаүшін тел. +7 701 922 72 92

Қоғамменбайланысдепартаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017