Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / АНКАРА ТҮРІК ӘЛЕМІ МУЗЫКА ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Түркия жүрегі– музыка

Түрік музыкасыбұл Таркан ғана емес!

ANKARA TURKISH WORLD MUSIC GROUP өз алдына біздің Түркия музыкалық мәдениеті жайындағы түсінігімізді өзертуді мақсат етіп отыр.

Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі аясында өнер көрсетіп жүргенбұл музыкалық ұжым түрік композиторларының классикалық туындыларын орындайды.

Алайда «адажио», «симфония», «увертюра» және «скерцо» сөздерін естігенде есіней бастайтын тыңдармандарға үлкен тосын сый әзірленген.

Өйткені, классикалық түрік стилі (Turk Sanat Muzigi) батысеуропалық классика үлгілерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Оның негізі – маккам.

Бұл дыбыстық байланыстар, тесситура, бастапқы дыбыс, қайталанатын дыбыс және соңғы дыбысқа негізделіп, музыкалық бейнелер мен суреті құрылатын әуен шығарудың бірқилы тұжырымдамасы. (Осыған батыс музыкасы ішінде ортағасырлық музыка ұқсас келеді).

Бұл стильге тән негізгі музыкалық аспаптар: keman - скрипка, ud –лютняға ұқсас аспап, kanun –72 ішекті цитра және түрік флейтасы ney. Анкарадан келген түрік сикстетінің (сикстет, «сикст» сөзінен шыққан–алты) музыканттары ұлттық нақышты айқындау мақсатында осы аспаптардың барлығын бізге үйреншікті батыс аспаптарымен қатар қолданады.

Сонымен қатарANKARA TURKISH WORLD MUSIC GROUPрепертуарына Анталия шипажайларына барып көрген кез келген адамға таныс халық музыкасының үлгілері кірген. Дегенмен, Түркияның әр аймағы өзіне ғана тән музыкалық және мәтіндік ерекшеліктерге ие.

Түрік музыкалық шығармаларының айырықша ырғағы маршқа ұқсас келіп, өзіндік әуенмен үйлесім табады. Сонымен бірге бұл тек қана түрік музыкалық мәдениетіне тән ерекше көңіл-күй сыйлайды.

ANKARA TURKISH WORLD MUSIC GROUP – Еуропада танымалдылыққа иеатақты ұжым.Сикстет Берлин, Париж және Венаға гастрольдік сапарлармен жиі барып тұрады. Музыканттардың орындаушылық шеберлігі классикалық өңдеуден өткен этникалық музыканы сүйіп тыңдайтын қадірлеушілердің жоғары бағасын алған.

Концерт ұйымдастырушылары, – Астанадағы EXPO 2017 халықаралық көрмесіндегі Түрік павильонының өкілдігі, музыканттардың тыңдарман жүрегіне жол таба алатынына сенім білдірді.

Күні: 21 шілде, сағат 17-00, Түркия Павильоны


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017