Cипаттамасы

Халықаралық павильон / Ұлттық күн / Аргентинаның Ұлттық Күні

Жексенбі күні, 2017 жылдың 23 шілдесінде сағат 11.00 ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Аргентинаның Ұлттық Күні аталады. Шараға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Аргентинаның Ғылым және Инновациялық Өндіріс Министрі Лино Баранао, сондай-ақ Аргентина Республикасының Федералды БАҚ Жүйесі және Қоғамдық Ұлтты Ұстау Министрі Ернан Ломбарди қатысады.

         Сонымен қатар ресми салтанаттан кейін ауқымды мәдени бағдарлама жоспарланған. Қонақтардың назарына дәстүрлі би мен музыка ұсынылады.

         Маламбо биін маламбо чемпиондары: Джоэль Эммануэль Ернандес, Родриго Риффо және Фернандо Десанти орындайтын болады. Маламбо – ерлер биі, ол арқылы гаучо өздерінің бишілік айбыны мен күшін дәлелдеп келген. Маламбо үздік бишілерінің өз елінде беделі жоғары, өйткені бұл би өте қиын әрі үздік атағына ие болу үшін аяқ техникасының асқан шеберлігі мен қажырлы еңбек ету қажет.

Дәстүр бойынша ресми делегация Қазақстан және Аргентина павильондарын аралайды.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017