Cипаттамасы

Халықаралық павильон / Ұлттық күн / Коста Рика

Сейсенбі күні, 2017 жылың 25 шілдесінде сағат 15:00 ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Коста-Риканың Ұлттық күні өтеді. Шараға қатысатын ресми делегацияның жетекшісі - Коста-Риканың Сыртқы Істер Министрлігі жанындағы Сыртқы Саясат бойынша Бас Директоры Кристиан Гильерме Фернандес.

Салтанатты шараның ресми бөлімінен кейін қонақтар екі саксофоншының орындауындағы музыканы тыңдау мүмкіндігіне ие болады. Коста-Рика өзінің Ұлттық күніне орай арнайы, ең ұзын нотаны ұстаудың ұзақтығы 1 сағат 32 минут құраған Әлемдік Гинесс рекордының жеңімпазы, ең үздік саксофоншыны шақырған. Қойылым Латынамерикалық павильонға дейінгі әдемі шеру мен гелиймен толтырылған 400 жасыл шардың аспанға ұшырылумен тамамдалады!

Осы мезетте Латын Америка павильонында барлық келушілерге осы елдің мақтанышы – нағыз коста-рикалық кофенің дәмін тату мүмкіндігі ұсынылады. Барлық іс-шаралар «Essential COSTA RICA» логотипінің аясында өткізіліп, елдің өкілдері өздерінің өмірге деген құштарлығын паш етуге ниетті.

Шараның басталуы сағат 15:00.

Мекенжайы: Астанақ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін тел.+7 777 086 88 03

Электронды мекенжай: anastassiya.zubkova@gmail.com

 

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017