Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сәрсенбі күні, 26 шілдеде сағат 21.30 Амфитеатр сахнасында ЭКСПО-2017 аясында Жамбыл облысының Мәдениет күндері шеңберінде облыстық филармонияның «Әуені әсем Әулие ата!» мерекелік концерті өтеді

Құрметті журналистер!

Сәрсенбі күні, 26 шілдеде сағат 21.30 Амфитеатр сахнасында ЭКСПО-2017 аясында Жамбыл облысының Мәдениет күндері шеңберінде облыстық филармонияның «Әуені әсем Әулие ата!»мерекелік концерті өтеді.  

Еске салсақ, шілденің 26 мен 30 аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Жамбыл облысының Мәдениет күндері өткізіледі. Мәдени-бұқаралық шараларға 700 жуық адам қатысады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің қонақтары мен келушілерін Ежелгі Тараз тарихымен таныстыру мақсатында 2017 жылдың 20 мамырында «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени орталығынан салтанатты түрде «Ежелгі Тараз – Астана» этнографиялық керуені жөнелтілді. 26 шілде күні керуен Астана қаласының «Ғашықтар саябағына» келіп жетеді.

Шілденің 26-нан 30-на дейін қалалық «Қазанат» ипподромы аумағындағы этноауылда қолданбалы өнер шеберлерінің ауылы, «Шығыс базары» сауда нүктелері жұмыс істейді.

27 және 28 шілдеде Жастар театрында облыстық қазақ драма театрының «Домалақ ене», «Ең жақсы еркек» спектакльдері, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Г.Фигейредонның «Дон Жуан» спектаклі қойылады.

Ең соңында, 28 шілде күні Жамбыл облысы әртістерінің қатысуымен «Думанды елім!» гала-концерті өтеді.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017