Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сәрсенбі күні, 26 шілдеде ЭКСПО-2017 көрмесінің медиа-орталығында «EXPO-2017 Football Cup» футбол бойынша халықаралық турнир өткізуге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Құрметті журналистер!

Сәрсенбі күні26 шілдеде ЭКСПО-2017 көрмесінің медиа-орталығында «EXPO-2017 Football Cup» футбол бойынша халықаралық турнир өткізуге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатының қатысушылары:

1) Чайжүнісов Аллен Серажанұлы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ілгерілету және туризм департаментінің директоры;

2) Куриев Темірлан Азаматұлы, Турнирдің Бас менеджері, «Нью Спорт» спорттық агенттігінің президенті;

3) Байшақов Сейілда Икрамұлы, Қазақстан футбол федерациясының президенті;

4) Қожахмет Айдын, спорттық журналист, футбол сарапшысы.

Естеріңізге салсақ, 5 және 6 тамыз күндері Астана ЭКСПО-2017 аясында ұйымдастырылған «Астана Арена» стадионында «EXPO-2017 Football Cup» футбол бойынша халықаралық турнирге әлемдік футболдың аты аңызға айналған ойыншылары қатысады.

Астаналық стадионда Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия құрамаларымен әлем құрамасы кездеседі. Мирослав Клозе, Йенс Леманн, Кевин Кураньи, Франко Барези, Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Педро Паулета, Паулу Ферейра, Яри Литманен, Эрнан Креспо, Жан-Пьер Папен, Мичел Сальгадо, Роман Широков, Валерий Карпин, Александр Филимонов және т.б. футболшылар жанкүйерлерін өз ойынымен қуантпақ.

Қазақстанның атынан отандық футболдың ардагерлері Олег Воскобойников, Игорь Авдеев, Андрей Карпович, Қайрат Әубәкіров, Мұрат Тілешев, Нұрбол Жұмасқалиев және Андрей Финонченко шығады.

 

Баспасөз мәслихатының басталуы сағат 15:00

 

Мекенжайы: Мәңгілік Ел көш., 55, Астана қ.

Тел: +7 747 44 11 947


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017