Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / 27 және 28 шілде күндері Малайзия Павильонында Жасыл Тауарлар мен Қызмет көрсету Апталығы аясында келесі шаралар өтеді

Құрметті журналистер!

 

27 және 28 шілде күндеріМалайзия Павильонында Жасыл Тауарлар мен Қызмет көрсету Апталығы аясында келесі шаралар өтеді:

 

27 шілде, HeveaBoard (ағаш-жаңқалы тақталар өндірісі), Free the Seed (күріш қауызы мен сабаннан био-ірітілетін қаптамалар өндірісі), Freelander Tech International (жарылыс жұмыстары мен бояу қызметі саласындағы қызметтер) және Energy CX (қоршаған орта мен энергетика тұрақтылығы үшін дизайн қыметтері) компаниялары өз тауарлары мен қызметтерін таныстырады.

 

Шараның басталуы сағат 11:00, (Малайзия Павильонының бизнес-орталығы, 3 қабат).

 

28 шілде, Малайзия спикерлері Сіздерді пальмалық биомассаның жасыл әлеуетімен таныстырып, осы тұста Universiti Putra Malaysia (UPM) Университеті «Ауыр құрылыс материалы ретінде пальмалық май өндірісінің қалдықтарынан жасалған жасыл сэндвич-панельдер» атты тұсаукесерін өткізеді.

 

Содан соң, сағат 12:00 Universiti Teknikal Malaysia Melaka Университеті өткізетін«Микробты энергетикалық когенерация - микробиологиялық отын элементтері негізіндегі ағын суларды тазартатын қондырғылар» тақырыбындағы пікірталас басталады.

 

 

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін тел.: +7 747 44 11 947

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017