Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Ұлттық күн / Боливия

Сіздерді 6 тамызда сағат 15.00 Боливияның Ұлттық күнін мерекелеуге шақырамыз

Жексенбі күні, 2017 жылдың 6 тамызында сағат 15.00 ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған Көрмесі аясында Көпұлтты Боливия Мемлекетінің Ұлттық күні мерекеленеді.

Шараға Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров пен Көпұлтты Боливия Мемлекетінің сыртқы сауда және интеграция министрінің орынбасары Эндара Вера Валтер Кларэмс қатысады.

Шара аясында ауқымды мәдени бағдарлама жоспарланған. Музыкалық және би нөмірлері қойылмақ.

Назарларыңызға Эрнесто Кавур шеберінің музыкалық композициялары ұсынылады. Оның туындылары Франц Вальверденің  Muyumuyu гитарасында (Эрнесто Кавур жасап шығарған гитара) және Карл Дерпиктің  Quena (КЭна) сүйемелдеуімен ойналады.

Осы үштіктің Кантута Кавур және Карлос Верастегидің ұлттық билерімен бірге өнер көрсетуі қонақтарды баурап алары сөзсіз.

Іс-шараның соңында әртістердің қатысуымен Ұлттық шеру өтеді.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017