Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / 2017 жылғы 8 тамыз, сейсенбі күні сағат 14:30-да Медиа Орталығында National Geographic «Мегақұрылыс: Астана – болашақтың қаласы» атты деректі фильміне арналған пресс-конференция өтеді

Құрметті журналистер!

2017 жылғы 8 тамыз, сейсенбі күні сағат 14:30-да Медиа Орталығында National Geographic«Мегақұрылыс: Астана – болашақтың қаласы» атты деректі фильміне арналған пресс-конференция өтеді. Іс-шараға National Geographic Partners, Europe & Africa вице-президенті Дебора Армстронг, «Off the Fence» продакшн компаниясының бас директоры Эллен Уиндемут және фильмнің орындаушы продюсері National Geographic Partners, Europe & Africa Иван Бусо қатысады.

Фильмде Хан-шатыр, Байтерек, Халықаралық Әуежай сондай-ақ жаңа теміржол вокзалы сияқты Астана қаласының ерекше сәулет нысандары көрсетіледі. Фильм барысында негізгі назар әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің архитектуралық символына айналған «Нұр Әлем» павильонына аударылады.

Сонымен қатар, National Geographic фильмінің алғашқы көрсетілімі Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Ұлттық күн сахнасында 8 тамыз күні сағат 16:00-де өтеді.

«Мегақұрылыс» бағдарламасының басты топтамалары заманауи сәулет нысандарының құрылысын негізге алады. Әрбір бағдарлама Дубай қаласындағы Бурдж-Халифа, Куала-Лумпур қаласындағы Петронас, Ла-Манш бұғазы астындағы Еуротуннель сияқты тағы басқа әлемдік ірі ғимараттардың құрылысына және тарихына шолу жасайды. National Geographic түсірілім тобын өзінің ерекше құрылыстарымен таңғалдырған жас қала - Астана қаласы қазіргі кезде әлем назарында.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017