Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Ұлттық күн / Түркия

2017 жылғы 10 тамыз, бейсенбі күні Астанада Түркия ұлттық күні аталып өтеді. Бұл күні ЭКСПО көрмесінің аумағы қызыл және ақ түстерге боялып, түрік халқының бай мәдениетінің лебі сезілетін болады.

Түркия ұлттық күнінің салтанатты ашылу рәсіміне Түркия Республикасының Экономика министрі Нихат ЗЕЙБЕКДЖИ мырза және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы қатысады.

Түркия, «Астана ЭКСПО 2017» көрмесінің дәстүріне айналған және барлық қатысушы мемлекеттер үшін өткізілетін ұлттық күнге қатысуға дайын.

Қазақстан мен басқа да қатысушы елдер өкілдерінің қатысуымен өтетін дәстүрлі түрік таңғы асынан кейін, ЭКСПО ұлттық сахнасында сағат 11.00-де өткізілетін ашылу салтанатымен бірге, Түркия павильонында және жалпы ЭКСПО көрмесінде түрлі іс-шаралар жалғасын табатын болады. Ашылу салтанатында, Түркия Республикасы және Қазақстан Республикасының атынан қатысып отырған министрлер, мемлекеттік қызметкерлер, басқа елдердің өкілдері, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері қатысатын болады. Екі елдің әнұраны айтылғаннан кейін, Түркия Республикасының Экономика министрі Нихат ЗЕЙБЕКДЖИ мырза және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы ашылу салтанатына байланысты сөз сөйлейтін болады.

Ашылу салтанатынан кейін, ВЕЙСЕЛЬ ЧЕЛИКДЕМИР халқымыздың құндылықтарын паш ететін құм шоуымен сахнада өнер көрсетеді. Ал, «АНАТОЛИЯ ОТТАРЫ» БИ ТОБЫ «Хорон» биін билеп, осы арқылы, Анатолия халқының бай мәдениеті мен күш-қуатын көрсететін болады.

Ашылу салтанатының соңында, «МЕХТЕРАН» ТҮРІК ӘСКЕРИ ОРКЕСТРІНІҢ ПАРАДЫ ӨТЕДІ. Көрермендерге мыңдаған гүл шоқтары мен Түркия жалаушалары беріліп, ЭКСПО көрмесінің аумағы қызыл және ақ түстерге боялады.

Күні бойы өтетін осы іс-шаралардың шеңберінде, Expo EnergyHall сахнасында сағат 17:00-де түрік өнер майталмандары, қонақтарды өз өнерлерімен тамсандыратын болады. Профессор ЭРОЛ ПАРЛАК және СИНАН АЙЙЫЛДЫЗДЫҢ орындауында халық әндері шырқалады. Аталмыш іс-шара, Қазақстан тыңдармандарына танымал әнші Бурактың концертімен жалғасатын болады.

 

Energy Hall сахнасындағы концерт, «Анатолия оттары» би тобының керемет билерімен тәмамдалатын болады.

Таусылмайтын энергия

«Астана ЭКСПО 2017» сахналары мен аумағындағы концерттерден бөлек, Түркия павильонында да бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Келген қонақтар, павильонның ішінде және сыртында болып жатқан іс-шараларға қатыса алады, сондай-ақ әсер, би және әндерге толы ұзақ уақыт бойы ұмытылмайтын күн өткізіп, түрік қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысып, осы күнге орай дайындалғын сыйлықтарға ие болып, түрік дәмді тағамдарынан ауыз тиетін болады.

Түрік экспорттаушыларының қолдауымен, қонақтарға жаңғақтар, кептірілген жемістер, баклава, рахатлукум, кәмпит, балмұздақ, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, апельсиннен жасалған сусындар, макарон өнімдері, булгур және зәйтүн майы негізіндегі дайындалған тағамдар ұсынылады.

 

ӨТЕ ҮЛКЕН ТОСЫН СЫЙ: ЖАУЖҮРЕК ЕРТҰҒРЫЛ – ТҮРКИЯ ПАВИЛЬОНЫНДА…

Шетелде де, Қазақстанда да көрермендердің зор ықыласына бөленген «Ертұғрыл» телехикаясының табысты актерлері Нуреттин Сонмез (Бамсы Бейрек), Дженгиз Джошкун (Тургут Альп) және продюсер Мехмет Боздаг, Түркия павильонының көрермендерімен кездесіп, интервью барысында көрермендердің барлығына өз қолтаңбасын қалдыратын болады. 

ТҮРКИЯ ҰЛТТЫҚ КҮНІНЕ

ОРАЙ ДАЙЫНДАЛҒАН АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМАҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

2017 жылдың 10 тамызы, бейсенбі

«ENERGY HALL» сахнасы

17:00-17:30 Мехтеранның орындауында қойылым (ENERGY HALL КІРУ)

17:30-18:00 Түрік халық музыкасы-ұлттық саз аспабымен Эрол Парлак және Синан Аййылдыз

18:00-19:00 Түрік поп музыкасы концерті, Бурай

19:00-19:45 Би, Анатолия оттары би тобы

 

Дүние жүзіндегі ең ескі оркестрлерінің бірі болып саналатын “Мехтеран” оркестрінің әсем ырғағы, өнерлі өнерпаздарымыз Эрол Парлак пен Синан Аййылдыздың саз аспабының сүйемелдеуімен орындайтын әндері, Түрік поп музыкасының жас өнерпазы Бурайдың әуезді әндері мен «Анатолия оттары» тобының би қойылымдарымен ұмытылмас сәттерді бөлісу үшін барлық қонақтарымызды

«ENERGYHALL»-ғашақырамыз!

Халықаралық Көрмелер Бюросы (BIE) тарапынан 19-ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін ұйымдастырылып келе жатқан ең беделді және елдерді таныту бағдарламаларының ең мықтысы болып саналатын ЭКСПО көрмелерінің биылғы тұрағы – Қазақстанның елордасы Астана қаласы. Түркияның, 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейінгі аралықта 3 айы бойы өткізілетін «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған осы көрмеге қатысуы, Түркия Республикасының Экономика министрлігі мен «Астана ЭКСПО-2017» әкімшілігі арасында 2016 жылғы 5 тамызда қол қойылған хаттамамен ресми түрде бекітілген.

Жалпы ауданы 25 гектарды құрайтын «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінде, Түркия шамамен 1000 м²-лік алаңда орналасқан павильонын ұсынады. 115 ел мен 22 халықаралық ұйымның қатысуымен өтетін көрмеде Түркия павильонының жанында Таиланд, Иордания және Әзірбайжан павильондары орналасқан.

2017 жылғы 10 маусым, сенбі күні басталған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде Түркия павильонының ашылуы, Түркия Республикасы Экономика министрінің орынбасары- Түркия Ұлттық секциясының комиссары Тарык СӨНМЕЗ мырза, Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Невзат УЯНЫК мырза, сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрі Қасымбек Жеңіс Махмұдұлының қатысуымен өткізілді.

Ашылу күнінде Түркия павильонына 6500 адам келген болса, бүгінгі күнге дейін келген қонақтардың саны 400000 адамнан асып түсті. 

Түркия «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде

Тақырыбы: Тақырыптық тұжырымдама:

Түркияның «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіндегі тақырыптық тұжырымдамасы – «Тұрақты энергия үшін жаһандық синергия». Осы синергияның бір бөлігі болып табылатын Түркия, бүкіл күш-жігерімен, көзқарасымен және әлеуетімен энергия орталығы ретінде тұрақты энергияны қолдайтынын мәлімдейді. Бұдан бөлек Түркия, ортасында адам шоғырланған тақырыптық құрылымды үлкен жауапкершілігімен тұжырымдады.

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017