Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сәрсенбі күні, 2017 ж. 9 тамызында сағат 11:00 ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған Көрмесі аясында Гвинея Республикасының Ұлттық күнін мерекелеу рәсімі өтеді

Құрметті журналистер!

Сәрсенбі күні, 2017 ж. 9 тамызында сағат 11:00 ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған Көрмесі аясында Гвинея Республикасының Ұлттық күнін мерекелеу рәсімі өтеді. Шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, Сауда Министрлігінің штаб басшысы Бала Допавоги (BALLA Dopavogui) және басқа да лауазымды тұлғалар қатысады.

Гвинея зор минералды, гидроэнергетикалық және ауыл шаруашылық ресурстарға бай. Гвинеяның басты пайдалы қазбалары – (әлем қорының жартысы дерлік) темір кені, алмаздар, алтын, уран және бокситтер, соңғысы бойынша ел әлемде көш бастап келеді.

Рәсім барысында “Baga Fote” музыкалық-би ұжымы өнер көрсетіп, Ұлттық кұн сахнасында 3 әсерлі нөмірін орындайтын болады. Көрме қонақтары шеруге қатысып, әртістермен бірге елдің павильонына дейін жүре алады. Мұнда баламалы энергия көздері саласының үздік зерттемелері ұсынылып, гвинеялық халықтың бай мәдениеті таныстырылады.

Сағат 09:50 Медиа Орталықта Гвинея Республикасы ресми делегациясының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Журналистер сауда, инвестициялар, туризм және мәдениет салаларындағы өздерін қызықтыратын сауалдарына жауап алу мүмкіндігіне ие болады.

 

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін тел. 8775 270 0348

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017