Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сәрсенбі күні, 2017 жылдың 9 тамызында ЭКСПО-2017 көрмесінің медиа-орталығында Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов

Құрметті журналистер!

Сәрсенбі күні, 2017 жылдың 9 тамызында ЭКСПО-2017 көрмесінің медиа-орталығында Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов, Қазақстанның Сыртқы Сауда Палатасының басқарма төрағасы Аян Еренов және Белорус сауда-өнеркәсіп палатасының төраға орынбасары Вячеслав Брильдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Қатысушылар баспасөз мәслихаты барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері мен оның келешегін талқылайды. Іс-шара аясында спикерлер алдағы «Made in Belarus. Astana» көрмесін, қазақстандық-белорус іскерлік форумын және 13 тамызда өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған Көрмесі шеңберіндегі Беларусь Республикасының Ұлттық күнін мерекелеуге байланысты сауалдарды талқылайды. Мерекелік іс-шараларға Беларусь Республикасының Премьер-министріАндрей Кобяков қатысады деп күтілуде.

Шараның басталуы сағат 15:00.

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін тел. + 7 775 724 38 22

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017