Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сәрсенбі күні, 2017 жылдың 9 тамызында, Амфитеатр сахнасында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған Көрмесі аясында «NO MAD KARMA» тобының «Mother Earth First» атты жалғыз концерті өтеді

Құрметті журналистер!

Сәрсенбі күні, 2017 жылдың 9 тамызында, Амфитеатр сахнасында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған Көрмесі аясында «NO MAD KARMA» тобының «MotherEarthFirst» атты жалғыз концерті өтеді. Концертте голограммалар, мықты дыбыс қолданылып, «Тұран» фольклорық ансамблімен бірге ынтымақтастықта өтетін ерекше әсерлі көріністік кеш болмақ.

«NO MAD KARMA» - бұл әйгілі қазақстандық композитор, әнші, танымал «Үркер» тобының жетекшісі, сондай-ақ БҰҰ Қазақстандағы еркін ерік елшісі – Айдос Сағаттың жаңа қазақстандық-британдық музыкалық жобасы. Топ 2015 жылы қаланған. Ұжымның музыкасы қазақ әуендеріне негізделіп, көшпенділер даласының қайталанбас әуезді әндерін бойына сіңірген. Топтың негізгі құрамы ағылшын орындаушыларынан құрылып, ұжымның әндері ағылшын тілінде орындалады.

Концертке кіру тегін, тек ЭКСПО-2017 Көрмесінің билеті ғана жеткілікті. ЭКСПО-2017 көрмесінде өз билетін тіркеген әрбір келуші бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады.

Шараның басталуы: 21.30

 

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін тел. + 7 747 44 11 947

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017