Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / 2017 жылғы 10 тамыз, бейсенбі күні ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Цзянси провинциясының Ұлттық күнін ашу салтанаты өтеді

Құрметті журналистер!

2017 жылғы 10 тамыз, бейсенбі күні ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Цзянси провинциясының Ұлттық күнін ашу салтанаты өтеді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев және Қытай Халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті төрағасының орынбасары Чэнь Чжоу, Цзянси провинциясы вице-губернаторы Ли Ихуан, Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің Уақытша Сенімді уәкілі Лю Цзянпин сондай-ақ Қытай және Қазақстан сауда қауымдастықтарының өкілдері, ЭКСПО-2017 ұлттық павильондарының өкілдері қатысады.

Салтанат барысында Цзянси провинциясының қытай көмір энергетикалық құрылыс корпорациясы Қазақстанмен сауда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қояды. Сауда өнеркәсіптік Наньчан Яоу компаниясы және бір қазақстандық компаниялары шектелмелі инвестициялық келісімге қол қояды.

Цзянси - Қытайдың оңтүстік-шығысында орналасқан провинция. ҚХР Ұлттық павильонында аталған провинцияның соңғы жетістіктері мен технологиялары сондай-ақ жылу энергетикасы, су энергетикасы, жел энергетикасы, күн панельдерін қолдану арқылы электр энергиясын өндіру жобалары ұсынылған.

Іс-шара сағат 10:20-да басталады. Өткізілу орны: ҚХР Ұлттық павильоны.

 

Мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 55

Қосымша ақпарат алу үшін тел. +7 7172 93-90-40, 87779823133

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017