76
KYН
Көрменің
 
Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Сіздерді 13 тамызда Беларусь Республикасының Ұлттық Күнін мерекелеуге шақырамыз!

 

ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНДЕГІ БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КҮНІ БЕЛАРУСЬ ҰЛТТЫҚ КҮНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

12:00 – 19:00  Беларусь павильонында (411 Сектор) «Терница» белорус әні ансамблінің өнер көрсетуі

14:00 – 14:45 Ұлттық күн сахнасында «Хорошки» белорус мемлекеттік академиялық еңбек сіңірген хореографиялық ансамблінің өнер көрсетуі

15:00 – 15:20 Ұлттық күн сахнасында Беларусь Республикасының Премьер-министрі А.В. Кобяковтың қатысуымен Ұлттық күннің ресми ашылу салтанаты

15:20 – 17:00 Ұлттық күн сахнасында «Хорошки» белорус мемлекеттік академиялық еңбек сіңірген хореографиялық ансамблінің өнер көрсетуі

Беларусь Республикасының Павильоныкелушілер үшін сағат 9:00 мен 21:30 (14:00 мен 16:00 аралығында жабық) аралығында ашық.

 
 

«ТЕРНИЦА» БЕЛОРУС ӘНДЕРІНІҢ АНСАМБЛІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

1984 жылдан бері Мәдени-спорттық орталықтың жанында жұмыс істеп келе жатқан «Терница» белорус әндерінің ансамблі Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әуесқой ұжымы. Репертуарында – белорус әндері, билері, музыкасы, әдет-ғұрыптары, вокалдық-хореографиялық композициялар. Халық музыкалық аспаптары: лира, дуда, цимбал, жалейка, сыбызғы, скрипка, баян, дағыраның сүйемелдеуімен оркестрлік топ жұмыс істейді.

 

 

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Беларусь Республикасының ұлттық павильоны

ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» негізгі тақырыбы елдің энергияны үнемдеу, энергетикалық тиімділік, экологиялық таза өнімдерді өндіру, жаңғыртылатын энергия көздерін қолдану, шаруашылық қызметтің табиғатқа келтіретін зиянын азайту салаларындағы жетістіктерін бейнелейтін белорус экспозицияларының тақырыптық блоктары аясында ашылады.

Инвестициялық жобалар блогі машина жасау, мұнай-химия, халыққа арналған тауарлар өндірісі салаларының жетекші кәсіпорындарында энергияны үнемдейтін және экологиялық таза жаңа технологияларды енгізу үшін инвесторларды тартуға бағытталған.

Сондай-ақ белорус павильонында белорус ғалымдарының баламалы энергетика, көмірқышқыл газының шығарылуын азайту, энергетикалық тиімді өмір салты, энергияны үнемдейтін және экологиялық таза техниканың өндірісі, энергияны үнемдейтін технологиялар мен энергетикалық тиімді құрылыс, энергияны тарату жүйелерін басқару, ақпараттық-коммуникациялық және авиациялық-ғарыштық технологиялар салаларындағы зерттемелері көрсетілген.

Белорус павильонының ерекшелігі келушілердің зерттемелермен танысып қана қоймай, оларды ары қарай өңдеу үшін ұялы құрылғыларына Wi-Fiарқылы жүктеп немесе E-mail арқылы алу мүмкіндігінде жатыр. Мұндай айла-тәсілдер экологиялық таза және қағазсыз жедел өзара әрекеттесу бағытында жүзеге асырылады.

Экспозициялық аймақтың орталық бөлігінде «Жібек жолының экономикалық белбеуі» халықаралық жобасының құрамдас бөлігі «Ұлы тас» Индустриалдық паркінің тұсаукесері өткізіледі. Индустриалдық парктің резиденттеріне электроника, жұқа химия, биомедицина, машина жасау, энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды қолдана отырып жаңа материалдар өндірісі салаларындағы инновациялық өндіріс пен ғылыми институттарды орналастыру үшін біршама артықшылықтар ұсынылған. Индустриалдық паркте жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістің дамуына, танымал әлемдік бренд саналатын трансұлттық корпорацияларды тарту, қазіргі заманғы менеджментке ден қойылады.

Сонымен қатар экспозициялық залда шығарылатын газдардағы зиянды заттар құрамын реттейтін ең қатаң экологиялық стандарттарға сай келетін техниканың өнеркәсіптік үлгілері ұсынылған (Еуро-5 экологиялық кластағы автобус, газ-моторлы отын арқылы жұмыс істейтін өздігінен жүретін астық жинайтын комбайн, экологиялық таза электробус). Бұдан бөлек көрмеде мегаполистерге арналған келешегі зор қоғамдық транспорт түрі саналатын электробустың ерекше үлгісі экспозицияланады.

Экспозицияның мультимедиялық инсталляциясы Беларусьтің өнеркәсіптік, ғылыми, инновациялық әлеуеті, сондай-ақ тарихи және мәдени мұра туралы екі бейнефильмнен тұрады.

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Беларусьтің Ұлттық экспозициясының құрамдас бөлігі саналатын «Лиссабоннан Минск, Мәскеу, Астана арқылы Владивостокқа дейін» заманауи көркемөнер көрмесінде әлемнің 25 астам елдің қазіргі заманғы суретшілерінің жұмыстары ұсынылған. Көрменің негізгі тақырыбы ЭКСПО-ның «Болашақ энергиясы» лейтмотивіне сай келетін өнердің біріктіргіш энергетикасы арқылы халықтар арасындағы достық пен өзара әрекеттесуді нығайту және қолдау.

Белорус мәдениетінің ұлттық бояуы мен ерекшелігін айқындайтын кәдесыйлар дүкенінде кеңінен танымал белорус брендтерінің өнімдері мен зығыр, былғары, керамика, құмыра мен сабан өру кәсібінің қолдан жасалған бұйымдары ұсынылған. Бұл бұйымдар Беларусь елінде дәстүрлі түрде қолданылатын табиғи және экологиялық таза шикізаттан жасалып, көрме келушілері арасында ерекше сұранысқа ие болып отыр.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017