Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНІҢ ЖАРТЫМИЛЛИОНЫНШЫ КЕЛУШІСІ РЕСЕЙ ПАВИЛЬОНЫН ТАМАШАЛАДЫ

ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНІҢ ЖАРТЫМИЛЛИОНЫНШЫ КЕЛУШІСІ РЕСЕЙ ПАВИЛЬОНЫН ТАМАШАЛАДЫ

Астана – 13.08.2017. ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіндегі Ресей Павильонының келушілерді есептеу жүйесі 500 000 қонақты тіркеді. Құрметті қонақ математика пәнінің мектеп мұғалімі Жұмагүл Фаррахова ЭКСПО-2017 көрмесін, соның ішінде Ресей Павильонын екі қызына көрсету үшін келген.

Жұмагүл Қарағанды облысы Нұра ауданының Ахмед ауылындағы мектепте жұмыс істейді. ЭКСПО-ға екінші рет келіп отыр. Алғашқы рет мұнда маусым айында, көрме жұмысын енді бастағанда, жолдасымен бірге болған. Ең ұнағаны Қазақстанның Нұр-Әлем және Ресей Павильондары болған соң, дәл осы экспозицияларды қыздары, 10 және 11 сынып оқушылары, Әсия мен Наргизаға көрсетуді жөн көрді.

Жұмагүл алған әсері туралы былай дейді:

"Маған ЭКСПО өте ұнады, сондықтан осында балаларымды әкелуге бел будым. Демалыс күні сәті түсіп, біз көрмені тамашалауға келдік. Менің ойымша, осындай шаралар балалардың ой-өрісін кеңейтуде өте пайдалы. Қыздарым сұраған: «Анашым, неге ресейлік павильон?», ал мен: «Өйткені, мұнда қызықты!» - дегенмін».

Фарраховтар отбасы Ресей экспозициясы бойынша экскурсия жасап, серуеннің соңында оларды Павильонның қызметкерлері мен директоры қарсы алды. Ду қол шапалақпен қарсы алынған Жұмагүлге тақырыптық сыйлық: Ресейдің әртүрлі өңірлерінің энергиясын білдіретін өнімдерінен тұратын ресейлік павильонның энергетикалық жиынтығы табыс етілген. Жиынтыққа Қырымның шайы, Алтайдың балы, Оралдан келген тайганың қызылжидек тосабы мен Карелия тосабы, сондай-ақ пірәндік, күнделік пен 25 жыл бойы ұштауды қажет етпейтін мәңгілік қарындаш кірген.

Бұдан бөлек, Жұмагүлге 8 қыркүйекте өтетін Ресейдің Ұлттық күніне кіру билеті табысталды. Ресей павильонының құрметті қонағы тосыннан жасалған сыйлықтардың көңілінен шыққанын және алдағы мерекеге қуана баратынын айтты.

Статистика бойынша, халықаралық көрменің әрбір төртінші қонағы ресейлік павильонмен танысады екен. 4 тамыз күні ЭКСПО-2017 көрмесінде 2 000 000-ншы келуші тіркелген болатын.

 
 

Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017