Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Дүйсенбі күні, 14 тамызда сағат 19:00 ЭКСПО-2017 Конгресс орталығындаA’Studio тобының «Музыка күші» шоуының баспасөзге арналған көрсетілімі өтеді

Құрметті журналистер

Дүйсенбі күні, 14 тамызда сағат 19:00 ЭКСПО-2017 Конгресс орталығындаA’Studio тобының «Музыка күші» шоуының баспасөзге арналған көрсетілімі өтеді.

Баспасөзге арналған көрсетілім үшін арнайы ең қызықты нөмірлер таңдап алынған. Журналистерге 20 минут ішінде бейне және фототүсірілім жасау мүмкіндігі ұсынылады. Сонымен қатар көрсетілімнен кейін топтың барлық мүшелерімен сұхбат немесе арнайы сұхбаттар ұйымдастырылады.

Еске салсақ, аты аңызға айналған A’Studio тобы арнайы ЭКСПО-2017 үшін «Музыка күші» атты ғаламат музыкалық шоуды әзірлеген. Шоу топтың құрылғанына 30 жыл толуын мерекелеу аясындатамыздың 15 мен 20 аралығында ЭКСПО-2017 Конгресс орталығында өтеді.

Шоу Көрменің «Болашақ энериясы» тақырыбын айқындап, Қазақстанның бай мәдениеті мен әртістердің алуан түрлілігін бейнелейді. 

Баспасөзге арналған көрсетілімге 14 тамыз, сағат 11:00 дейін аккредиттеуден өтуді сұраймыз.  

Жиналу сағат 18:40 Конгресс орталығының қызметкерлер кіреберісінің алдында өтеді.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017