-
Cипаттамасы
Болашақ энергиясы
Президент
Қазақстан
Астана

«Нұр Әлем» павильоны / Астана / Әлемнің жаңа ғажайыбы

 

Астана – әлемдегі жаңа ғажайып

1997 жылы егеменді Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынды. Бұл шешімді қабылдауға қаланың геосаяси орналасуының маңыздылығы, Қазақстан мен Еуразия континентінің ортасында орналасуы, қажетті көлік және коммуникациялық инфрақұрылымның болуы әсер етті. Жаңа астананы таңдауда айрықша рөлді қаланың дамуы үшін бос жерлердің болуы да атқарды.

 

«Батыстың аты Батыс, Шығыстың аты Шығыс, екеуі ешқашан біріге бола алмайды» деген кім екен? Қазақстанда осынау бұлжымастай көрінген пікірді жоққа шығарған қала бар.

1998 жылы жаңа елордаға жаңа атау беріліп, ол Астана деп аталды.

Астананы бүкіл әлем болып салды

Көз алдымызда өзгерген жас елорда Қазақстан халқының жасампаздығының, шығармашылығы мен өрлеуінің символы. Астананы салуға еліміздің

71

432

135

қаласы

құрылыс компаниялары қатысты

зауыт

 

құрылысты материалдармен жабдықтап отырды.

Жергілікті фирмалармен бірге жаңа астананы түрік, итальян, француз, швейцар компаниялары да көтерді. Жыл сайын 60-тан 100-ге дейін орташа және ірі нысандар беріліп отырды. Қарқынды құрылыс пен бүкілхалықтық қолдау он жыл ішінде Қазақстан даласында қазіргі заманғы, жаңғыртылған, өз қайталанбас келбеті бар қала салуға мүмкіндік берді.

Астананы әлемнің ең таңдаулы сәулетшілері салды

Қаланың сәулеттік концепциясын әзірлеуде Президент Н.Назарбаевтың қалаға еуропалық келбет беру идеясы ескерілді.

кишё    Астана құрылысының бас жобасының авторы белгілі жапон сәулетшісі Кишё Курокава (Kisho Kurokawa) болды, ол Амстердамдағы Ван Гог мұражайының, Куала-Лумпурдағы халықаралық әуежайдың, Осакадағы ұлттық этнологиялық мұражайдың авторы.

 

Курокаваның бас жобалары бойынша жасалатын сәулеттік ансамбльдер қазіргі заман дизайны мен азиялық айшықты үйлестіреді. Бұл қалаға қайталанбас келбет берді, ал сұлулығы мен ғимараттарының биіктігі бойынша қала Токио, Нью-Йорк және Дубаймен таласқа түсе алады.

 
 
 
 
Кишё Курокава 
(Kisho Kurokawa)     
 

норман

Астанада Норман Фостер әлемдегі бірегей дін үйін - Бейбітшілік сарайын салды. Сәулетшінің командасы сонымен қатар Қазақстан астанасы үшін жаңа ойын-сауық орталығы - «Хан Шатырды» салды.

 

 

 

 

        Норман Фостер

 

Астана – «қазақстандық брендтің» бір бөлігі

1999 жылдың маусымында қала ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» сыйына ие болды. Жас елорданың әлемдегі ең таңдаулы отыз қаланың қатарына енуіне барлық негіз бар.

Қазақстанның қазіргі заманғы астанасы өсіп, өзгеріп келеді, ол Қазақстан тұрғындары үшін де, шетелдік қонақтар үшін де тартымды бола түсуде. Еуропа мен Шығыс мәдениеттерінің таңдаулы үлгілері мен дәстүрлері үндескен қазіргі заманғы сәулеттік стилі жаңа елорданың экономика, саясат пен мәдениет орталығы ретіндегі келбетін мейлінше толық ашады.

 

Барынша қысқа мерзім ішінде қала көрінісі өзгеріп сала берді және қала құрылысы қарқынды жалғасуда. Қаланың түнгі көрінісі де өзгерген – ғимараттарды, көшелерді жарықтандырудың ұтымды шешімдері,самсаған шамдар тізбегі мен Есіл өзеніндегі түрлі-түсті фонтандар, әсем өзен жағалауы, дүкендер мен бар, түнгі клубтардың жайнаған витриналары көз тартады.

Астана халқы

Астананың бүгінгі жер аумағы – 710, 2 ш. км. Халық саны –700 мыңнан астам адам.

Астана – бұл жақсы білім алып, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін қала. Тұрғындар санының қарқындап өсуі бірінші кезекте көші-қон ағыны есебінен жүреді – негізінен бұл 20-45 жас аралығындағы жоғары білікті мамандар. Қала үкіметінің бағалауы бойынша, еңбекақының орташа деңгейі мұнда мұнай-газ өндіретін аймақтардан кем түспейді, ал жұмыссыздық деңгейі Қазақстандағы ең төмендердің бірі. Астана қаласы тұрғандарының табиғи қозғалысындағы оң фактор болып бала туу деңгейі мен неке қию деңгейінің жоғарылауы табылады.

Астана - Қазақстанның маңызды мәдени және ғылыми орталығы. Мұнда Ұлттық ғылым академиясы, Ұлттық кітапхана, Ұлттық мұражай, қазіргі заманғы арт-галереялары, Әлеуметтік-экономикалық технологиялар орталығы, бизнес-орталықтар, су аттракциондары ашылды.

Астана бүгінгі көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстанның айнасы: мұнда барлық нәсіл мен әлем діндерінің өкілдері тұрып, еңбек етіп жатыр. Қаланың этносаралық қарым-қатынас пен түрлі дін өкілдерінің ынтымақтастығы мәселелеріне арналған бірқатар қоғамдық форумдарды өткізу орнына айналғаны тек емес.

Астананың көрікті орындары

Астананың сәулеттік келбетінде шығыс дәстүрлері мен жетекші батыс сәулетшілерінің көркем ойларының шалқуы үйлесімін тапқан. Ойлап көріңіз: қаланың бас жобасын жасаған жапондық Кишё Курокава, қайталанбас Бейбітшілік және келісім сарайы мен «Хан шатыр» жобасының авторы - Норман Фостер, ал киноконцерт залын жобалаған - итальяндық Манфреди Николетти.

Қаланың бас алаңын қалыптап тұрған - Сенат, Парламент ғимараттары, ҚР Президентінің Ақ ордасы мен бірқатар үкіметтік ғимараттар, ал оның екі жағынан тұрғын үй және қоғамдық кешендерді қоса алғанда барлығы 650 нысан көтерілуде.

Бейбітшілік және келісім сарайы – 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида.

Оның биіктігі 62 метр, пирамида 15 метр биіктікте салынған. Оның орташа ауданы – 25,5 мың шаршы метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы, жоғарғы бөлігінде – ғимараттың негізгі бөлмесі - конфессия залы орналасқан. Ғимараттың ішінде діни іс-шараларға арналған залдар, Қазақстан халық ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.

Хан Шатыр

 

 

Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын-сауық орталығы «Хан Шатыр» . 200 –дей метрлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның «қаңқасы « - ұсақ тордан құралған зәулім шатыр, ETFE фторполимермен – жарықты өткізіп, ішкі кеңістікті суық пен ыстықтан қорғайтын бірегей материалмен қапталған. Ішінде ауданы 100 ш.м. қалалық саябақ, дүкендер, кинотеатрлар, кафе мен концерт алаңы бар аймақ пайда болған, онда Астана тұрғындары өздерінің бос уақыттарын ауа райы мен жыл маусымына тәуелсіз өткізе алады.

Бәйтерек - Еуразия ортасындағы өмір ағашы

 

Еліміздің бас қаласының бейнесі. «Бәйтерек» елорданың жаңа әкімшілік орталығының дәл ортасында орналасқан. Бұл монумент тұтасымен: ұшар басындағы алтын күн тәжі, биіктігінің 97 м болуы, жаратылыстың үш тірегін бейнелейтін үш аймаққа бөлінген ішкі сәулеті – символдарға толы. Металл мен шыны, бетоннан құрылған бұл терек бірегей сәулеттік ойдың көрінісі: салмағы 1000 тонна металл құрылымды бес жүз қада ұстап тұр. Түр-түсі үнемі өзгеріп отыратын құбылмалы шыныдан құйылған шардың диаметрі 22 метр де, салмағы 300 тонна. Осындай материалдан жасалған алып шар әлемде алғаш рет осындай биіктікке көтерілген. Жас елорда ортасынан асқақтай көтеріліп, ол жаңарудың сәулеттік символы, Астананың символы, Қазақстанның символына айналды.

«Ақорда»

 

ҚР Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жағалауында, «Бәйтеректен» үш жүз метр жерде орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш.м. құрайды. ҚР Президентінің жаңа Сарайының ресми ұсынымдамасы 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Резиденция жанында ҚР Парламенті, ҚР Үкімет Үйі, ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Министрліктер үйі орналасқан.

Сулы-нулы бульвар

 

Астананың әкімшілік орталығының негізгі осінде жаяу жүргінші көпірі немесе қалалықтарға «сулы-нулы бульвар» атауымен белгілі көпір орналасқан, ол Астананың бас жоспарының авторы Курокаваның туындысы.

Көпір – елорда орталығы композициясының негізгі элементтерінің бірі. Сәулетшілердің ойы бойынша, ол қасындағы құрылыстардың барлығын біріктіреді. Сәулетшілер күн сайын қымбаттап келе жатқан қала жерін ұтымды пайдалану мақсатынан туындаған үш деңгейді қарастырған. Төменгі деңгей автотұрақтарға берілген, мұнда 400 автомобиль сыяды. Зәулім құрылыстың екінші қабатында пассаж орналасқан: екі жарықты галерея айналасында көрме залдары, дүкендер мен кеңселер шоғырландырылған. Үшінші деңгей – бұл көгалдандырылған және сәнді ағаштармен, кіші сәулеттік формалармен, субұрқақтармен безендірілген жаяу жүргіншілер көшесі. Жаяу жүргіншілер көпіріне ерекше сән беріп тұрған - «жасыл үй» аталатын алты аймақ.

Мөлдір конус пішіндес күмбездер жарықтың төменнен жоғары қарай ғимаратты жарып өтуіне мүмкіндік береді. Баспалдақтармен байланыстырылған осы атриумдарда жасанды бақтар орналасқан, ал екінші қабат деңгейінде маңындағы құрылыстармен жабық галерея арқылы жалғасады.

"Думан" ойын-сауық орталығы

 

Елорданың сол жағалауында шексіз даладағы мұхиттың бір бөлігін сыйдырған океанариумы бар «Думан» орталығы салынған. 3D кинотеатры, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар кафелер желісі, сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар.

"Думан" - ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны. Келушілер, әсіресе, акулаға жем тастау мезетін көруге асығады, оны аквариум шынысы арқылы көріп тұруға болады.

"Астана" бірегей стадионы

 

Елорданың мерейтойына арнап ФИФА мен УЕФА-ның барлық талаптарына сай келетін жаңа стадион қолданысқа берілді. Стадионның жалпы ауданы 232 485 ш. м құрайды, ал сыйымдылығы - 30 000 адам. Жабын жүйесінің жылжымалы және жылжымайтын құрамдастары бар, бұл алаңның жасыл жабынын қатаң климаттық жағдайлардан қорғау үшін жобаланған.

Алау Мұз сарайы




«Алау» –«жылдам мұз» дайындауға мүмкіндік беретін, заманауи жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әлемдік деңгейдегі мұз сарайы. Бірегей сәулетінің және орналасқан жерінің арқасында «Алау» -   Астанамыздың көз тартарлық жері және спорттық қақпасы болып табылады.

Сарайдың жүрегі – 8 000 орындық мінбесі бар ұзындығы 400 метрлік мұз жолынан, екі хоккей алаңынан, төреші алқасы залынан, баспасөз мәслихатын өткізуге арналған конгресс  залдан, спортшылардың киім ауыстыруына арналған сегіз шешінетін бөлмеден тұратын мұзайдын.

Сарай мына спорт түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған:

•         конки тебу спорты

•         шорт-трек

•         хоккей

•         керлинг

•         мәнерлеп сырғанау

«Алау» МС ұжымының мақсаты - жетілген техникалық құрал-жабдықтар , бірегей сәулеттік жоба, қызметкерлер кәсібилілігінің үйлесімі негізінде жетекші дүниежүзілік тегіс мұзайдындардың санатына ену.

7-ші қысқы Азия ойындарының барысында Сарай мұзайдынында 9 континенттік рекорд орнатылды. «Алау» - рекордтар ұясы деген статусқа иеленіп қана қойған жоқ, сонымен қатар коньки тебу стадиондарының дүниежүзілік рейтингінде 6-орынға ие болды (641 ықтималдар ішінен).

Сарай мұзайдынында ірі халықаралық жарыстар, оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. «Алауда» БЖСМ оқушылары коньки тебу, мәнерлеп сырғанау және хоккей спорты бойынша жаттығады. Коньки тебу спорты бойынша әлем кубогы өткізілгеннен кейін жеңімпаздар айдыны әуесқойларға да қолжетімді болады – жаппай сырғанау күндері мұнда символдық құны  үшін әр қалаушы өз конькиінде тұра алады. Міндеті қысқы спорт түрлерін көпшілікке тарату және Астанада бұқаралық спорт түрін дамытуға мүмкіндік беру болып табылатын  жаппай қолжетімділіктің концепциясы да осыда.

«Алау» мұзайдыны Сарайы –бұл кәсіби спортшыларға да, әуесқойларға да спортпен айналысу үшін кешенді қызметтер ұсынатын, көпқызметті спорттық орталық.

Цирк

 

Есілдің сол жағалауына зәулім тәрелке тәріздес ұшақ қондырылған. Ол танылмаған ұшатын нысан - ТҰН іспетті қазіргі заманғы ең озық материалдардан супертехнологиялар көмегімен жасалған. Ғарыш нысанының танылмауы көпке созылған жоқ: Қазақстанның тәуелсіздігі күніне ол өз атауын алып, мәртебесіне және табынушылар қатарына ие болды. Ал Астанада цирк пайда болды. Қалалықтар «ұшақ тәрелкені» жылы қабылдап, ол осында мәңгілікке орын тепті.

«Нұр-Астана» орталық мешіті және «Бейт Рахель - Хаббад Любавич» синагогасы

Бүгінгі Қазақстанға тән толеранттық, гуманитарлық пен діни ынтымақтастық және ар-намыс пен діни иланым еркіндігі қағидаттары осы екі қайталанбас келбеті бар діни ғимараттарда - Оталық «Нұр Астана» мешіті мен Орталық синагогада көрініс тапқан.

Мешіт ғимараты тосын, бірақ үйлесімді көрінеді. Шығыстың шынар сәулеті шыны, бетон, болат, гранит пен алюкобондпен айшықтандырылған. Ауқымы да сол жағалаудағы құрылыстардай: төрт мыңдай шаршы метр алаңында бес мың адам уағызға тұра алады, ал тағы екі мыңы оның алаңына сыяды.

5764 жылғы 21 элулада (2004 жылғы 7 қыркүйек) Астана аспанында жаңа жұлдыз – Давид жұлдызы пайда болды. Қазақстандағы, тіпті, Орталық Азиядағы ең ірі синагога ғимаратының биіктігі 25 метр. Жалпы ауданы 5600 шаршы метр құрайды. Ол Ақбұлақ өзенінің жағасында, Еуразия универсиеті мен көрікті тұрғын үй кешені аралығында орналасқан. Өзен жағалауын сүйікті орындарына айналдырған Еуразия Ұлттық университетінің студенттері, Гребной каналындағы яхташылар – бәрі тас тұғырға орнатылған көгілдір күмбезді тамашалайды.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайы

 

Мұражай Н.Назарбаевтың бұрынғы резиденциясында орналасқан. Тұтас кешен құрайтын бірегей бұйымдар, интерьер өзгертілмеген қалпында сақтаулы. Мұражайдың коллекциясына бас болған Президентке тартылған кәдесый, кітап, картиналар. Қазірде мұражайда алпыстан астам экспонат сақтаулы, олардың қатарында мұрағаттық-қолжазба және баспа материалдары, кино- және фотоқұжаттар, ҚР Президентінің жеке заттары, құжаттары мен марапаттауаларының коллекциясы бар. Мұражайдың бұл қазынасы егеменді Қазақтанның есеюінің маңызды кезеңдерінен көрініс беріп, Президенттің өмірі мен қызметі жайлы баяндайды.

Қазіргі заманғы өнер мұражайы

Мұражай коллекциясын бүгінде Қазақстан, Ресей және достастық елдерінің бейнелеу өнері шеберлерінің үш мыңнан астам шығармалары құрайды. Бұл ұзақ жылғы зерттеулер мен көркемсурет және графикалық шығармаларда көрініс тапқан мәдени құндылықтарға деген терең қызығушылық нәтижесі болып табылады. Мұнда Қазақстан, Ресей, Украина, Белорусия, Өзбекстан, Грузия, Армения, Латвия, Литва, Эстония, Тәжікстан және басқа елдер суретшілерінің шынында да бірегей шығармалары сақтаулы. Мұражай экспонаттары қатарында бейнелеу өнерінің барлық жанрлары, техникалары бар, шығармалардың тақырыбы да сан алуан.

Бурабай – халықаралық деңгейдегі шипажай

Астана таяуда Туристік Мекеге айналады, елорда іргесінде "Бурабай Лэйкс Резортс" бірегей жобасы пайда болмақ – ол британ сәулетшісі Эрик Кюхненің туындысы. Оның пікірінше, Бурабайды әлемдегі Альпі, Анд немесе АҚШ-тағы Жартасты таулар сияқты курорттармен салыстыруға болады. «Егер курорт бар күшімен жұмыс істейтін болса, онда Бурабай ауданында Қазақстан халқының төрттен бірін демалыс үшін жинауға болады», - деп сенім білдіреді сәулетші. Оның есептеуері бойынша, жоба концепциясы сауатты түрде жоспарланған жағдайда, Бурабай жыл сайын 90 млн. астам турист қабылдай алады, оның ішіне құмар ойындарға қызығатындар да бар – Бурабай сонымен қатар басқа қалалардан «депортацияланған» казинолар орналастырылатын «ойын астанасы» да бола алады.

Жаңа елордада өткеннің бай мұрасы мен қазіргі заманның таңдаулы жетістіктері үйлесімін тапқан: қала көнені сүйетіндер үшін де, жоғары технологияларға бас иетіндер үшін де қызықты. Сәулетші шеберлердің сендіруі бойынша, бұл ғаламат ойдың тек қана бір бөлігі, таяудағы келешекте жас елорданы Жер бетіндегі әсем қала даңқы күтіп тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017