Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сейсенбі, 2017 жылдың 15 тамызында Энергия Холлында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған Көрмесі аясында «Jazzia» Халықаралық джаз фестивалі басталады

Құрметті журналистер!

Сейсенбі, 2017 жылдың 15 тамызында Энергия Холлында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған Көрмесі аясында «Jazzia» Халықаралық джаз фестивалі басталады.Фестиваль осы жанрды сүйіп тыңдайтындар үшін үлкен сый болмақ. Дарынды джаз орындаушылары Астананы қазіргі заманғы джаз орталығына айналдырады. Тамыздың 15 мен 17 аралығында танымал ұжымдар әлемге әйгілі классикалық джаз туындылары және бірегей авторлық композицияларды орындайтын болады.

Jazzia – бұл Көрменің негізгі құндылықтарын – табиғатты аялап, ресурстарды жауапты қолдана отырып және музыканың рухани энергиясын жасау үшін дарындарды біріктіру арқылы адамзаттың тұрақты дамуын қуаттайтын әртүрлі елдердің әлемдік атаққа ие музыкалық ұжымдарының 3 күн бойы өнер көрсетуі.

15 тамыз– фестивальді East Drive тобы ашады. Содан кейін көрермендер белгілі американдық джаз саксофоншысы Билл Эванстың өнерінен ләззат алады;

16 тамыз - Израильден келген Shai Maestro Trio және фьюжн қозғалысының негізін қалаушысының бірі, аты аңызға айналған соғымпаз Билли Кобэм өнер көрсетеді;

17 тамыз - "Грэмми" беделді музыкалық сыйлықтың иегерлері және номинанттары - Маркус Миллер және гитарашы Ли Ритенур өз шығармашылығымен қуантпақ.

 

Шараның басталуы: 19.00 сағ.

 

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін тел.: + 7 708 758 0136

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017