Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сейсенбі күні, 2017 жылдың 15 тамызында медиа-орталықта ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Украина секциясының баспасөз брифингі өтеді

Құрметті журналистер!

Сейсенбі күні, 2017 жылдың 15 тамызында медиа-орталықта ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Украина секциясының баспасөз брифингі өтеді.

Шараға қатысатындар:

Сергей Свистиль, Украина павильоны комиссарының қызметін атқарушы, Украинаның Сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті;

Юрий Шевченко, Қазақстанда жел энергетикасы саласындағы жобаларды жүзеге асырып отырған «Фурлендер Виндтехнолоджи» украиналық компаниясының өкілі.

ЭКСПО-2017 көрмесінде Украина баламалы энергетика саласындағы 100 астам зерттемесі мен жобасын ұсынды. Солардың ішінде – жел және күн энергетикасының жобалары, биомассадан шығарылатын энергия өндірісінің жобалары, микро және шағын ГЭС жобалары. Қазақстандық және әлемдік қоғамдастықтың украиналық зерттемелер мен жобаларға деген зор бизнес-қызығушылығы табысты ынтымақтастықтың ары қарай дамуына деген үмітті күшейтіп отыр. ЭКСПО – 2017 көрмесі Украина және Қазақстан, сондай-ақ басқа елдермен арасындағы бизнес қарым-қатынастардың қарқындылығын арттыра түскені жөнінде елдің өкілдері айтып береді.

 

Шараның басталуы сағат 12.00

 

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін тел.: +7 7172 93-90-40, 87779823133

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017