Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сейсенбі күні, 15 тамызда ЭКСПО-2017 еріктілерін қатарға қабылдау салтанаты өтеді

Құрметті журналистер!

 

Сейсенбі күні, 15 тамызда ЭКСПО-2017 еріктілерін қатарға қабылдау салтанаты өтеді. Еріктілер кодексті оқып, ант береді.

Естеріңізге салсақ, бұл Көрме еріктілерінің үшінші легі. ЭКСПО-2017 жұмысының екі айында Көрмені өткізуге үш мың ерікті атсалысқан. Қазақстанның түпкір-түпкірінен бір жарым мың белсенді келген. Осы айда Қазақстанның 8 өңірінен: Алматы облысы, Атырау облысы, ШҚО, БҚО, Қызылорда облысы, Жамбыл облысы, Алматы және Астана қалаларының еріктілері астанаға жол тартқан.

Ресми бөлімнен кейін еріктілердің музыкалық нөмірлері ұсынылып, қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Осы айда еріктілер штабы дәстүрлі Еріктілер қатарына қабылдау рәсімін Шеру түрінде өткізуге шешім қабылдады.

Қатарға қабылдау шеруінің арнайы қатысушысы: ерікті-параолимпші, арбадағы спорттық би бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем Чемпионатының қола жүлдегері – Факия Шихова.

Еріктілерді қатарға қабылдаудың арнайы қонағы: әнші және музыкант - Сон Паскаль.    

 

 

Шараның басталуы сағат 17:00

Шараның өткізілетін орны: Ұлттық күн сахнасы

 

 

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін тел.: +77019982211

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017