Cипаттамасы
Экспо тарихы

Энергия холлы / Экспо тарихы / ЭКСПО - бұл өнертабыстар алаңы

Бүкіләлемдік көрмелер немесе ЭКСПО осымен бір жарым ғасырдан аса уақыттан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында олардың танымалдығы өте артты – тіпті көрмелерді әлем чемпионаттарымен және Олимпиада ойындарымен салыстыратын болды. Сарапшылардың есептеуінше, 1851 жылы Лондонда алғашқы көрмені өткізгелі бері, ЭКСПО-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам келген. Жұртшылықты  техникалық жаңалықтарды бірінші болып тамашалау мүмкіндігі қызықтырады. Дәл осы ЭКСПО-дан кейін телефон, рентген аппараты, сыдырма ілгек, балмұздаққа арналған вафлядан жасалған стақан, телехабар тарату, сенсорлық экран және т.б. дүниелер біздің күнделікті тұрмысымызға жол тартқан. Ал ЭКСПО-2017 бізді қандай жаңа техникалық дүниелерімен таңқалдырмақ? Өнертапқыштар қазір өз дүниелерін Астанада көрсетуге дайындалуда. Әзірше Бүкіләлемдік көрмелерде көрсетілген ең танымал деген 10 жаңалықты есімізге түсірейік.

Біз ЭКСПО-да тұңғыш рет таныстырылған ең танымал деген өнертабыстардың тарихы туралы айтып бердік, бірақ көрмеде осындай мыңдаған өнертабыстар таныстырылған болатын. Әртүрлі Бүкіләлемдік көрмелерде жұртшылыққа жоғарыда аталғандарға қоса, Singer тігін машинасы, дизель моторы, электр розеткасы, Попов радиосы, Люмьер ағайындыларының киноқондырғысы, Ладыгиннің қыздыру шамы, алғашқы сериялық телевизор, IMAX жүйесі және тіпті IBM компьютерлері таныстырылған. Өзімізге үйреншікті болып кеткен осы заттардың барлығы әлемнің мойындауына жетіп, Бүкіләлемдік көрмедегі көрсетілімінен кейін коммерциялық қолданысқа түсті. ЭКСПО-2017 әлемдік танымалдыққа жететін жаңа өнертабыс түрлерімен қонақтарды таңқалдырып, осы дәстүрді жалғастырады деп 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017