Cипаттамасы
Экспо тарихы

Энергия холлы / Экспо тарихы / Дүниежүзілік көрмелер тарихы

Әлемнің әйгілі көрмелерінің алғашқысы Foire de Saint Denis деп аталады.Бұл көрме Париж маңында өткен. Әлемнің алғашқы көрмесінің негізін 629 жылы Дагоберт король қалаған. Ал 710 жылы әлемнің осылай аталатын көрмесі әлдеқашан 700-ден астам көпестерді жинады.

XVIII-XIX ғасырлар аралығында Өнеркәсіпті төңкерістің өніміне айналған өндірістің дамуымен жәрмеңкелер пайдалы заттарды тікелей сату орындарынан олардың кең ассортиментін көрсететін орындарға айналды.  Тауарлардың тек үлгілері ғана қойылып көрсетілді, сондықтан «әлем көрмелері» деген термин пайда болды. 

asdБірінші дүниежүзілік көрме 1851 жылы Лондондағы Гайд-саябағында мемлекет қайраткері, кәсіпкер және дизайнер Генри Коулдің және Альберт Девиз ханзаданың бастамасымен өтті. Көрменің ұраны мынадай болды: «Барлық елдер ұлы іс – адамзатты жетілдірумен айналыссын». Көрменің негізгі көрнекті жері Джозеф Пакстон              салған темірден және шыныдан тұрғызылған Хрусталь сарай болды. Ғимарат жеңіл жиналатын және бөлшектенетін жекелеген құрылымнан тұрғызылған. «Алтын ғасырды» бейнелейтін сарай. Келесі жылдарда ірі қалаларда шыны мен темірден осыған ұқсас ғимараттар – оқу залдары, пассаждар, тоғыспалы галлереялар салына бастады.

Дәл сол кезде, уақыт өте міндетті болған көрмелердің қағидаларын тиісті халықаралық нормативтік актілерде бекітіле отырып, жетілдіре бастады. Олардың басты мақсаты – жаңадан шыққан ғылыми – техникалық жетістіктерді, болашақта дамуын, сондай-ақ, қатысушы елдердің тарихын, салт-дәстүрлерін және мәдениетін көпшілікке көрсету. Бүгінде 65 көрме өткізілді. EXPO-ның басқа елдерде өту тарихын қарастырайық.

Шараның табысты болғаны соншалықты, оны қайталауға шешім қабылдады. 1855 жылы Наполеон III көрмені Парижде өткізуге бұйрық берді. 1862 жылы форум Лондонда қайтадан өтті. 1867 жылы Парижде қатысушы-елдердің экспозицияларын арнайы салынған ұлттық павильондарға орналастыру дәстүрін бастаған кезекті Бүкіл дүниежүзілік көрме өтті. Францияның астанасы ұзақ уақытқа басты көрме орталығы болды. 1889 жылы Эйфель мұнарасы Париж көрмесінің ескерткіші болды.

 

1900 жылы Париждегі Бүкіл Дүниежүзілік көрмеге 51 миллион адам келді – бұл XIX ғасырдың бүкіл тарихындағы көрермендердің рекордтық саны болды.

1904 жылы Сан-Луиста (АҚШ) келушілер алғаш рет мұзы бар шайдың, ыстық бұршақтың, балмұздағы бар түтікшенің дәмін татып көрді және жаңадан туған нәрестелерге арналған инкубаторларды алғаш рет тамашалады. 1939 жылы Нью-Йоркте теледидар саласындағы RCA-дың алғашқы жетістіктері және алғашқы су турбиналары көрсетілді.

1939 жылғы Нью-Йорктегі Бүкіл дүниежүзілік көрмеден бастап, көрмелердің бастапқы сипаты өзгере бастады, және оларды қоғамға арналған жарқын болашақты болжай отырып, нақты мәдени тақырыптарға арнады. Көрмелерді инновацияларды алмастыру мақсатында белсенді мәдениетаралық байланысты қолдады.

Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін адамзат қалжырап, көңілі жаралы болып, рухани жаңартудың қажет екендігін сезініп шығады. Бейбітшілік пен ілгерілеуге деген ұмтылыс Біріккен Ұлттар Ұйымын құруда көрініп, Бүкіл дүниежүзілік көрмелердің рухынан көрініс табады. 

 

Брюссельдің Атомиумы, Фуллердің геодезиялық күмбезі және 1967 жылғы Монреалдағы Израильдік сәулетші Моше Сафдидің жобалаған «Хабитат 67-сі», Сиэтлдегі «Ғарыштық ине» және Осакадағы «Күн мұнарасы» адамзаттың барлық жаңа және заманауи нәрселерге деген талпынысының көрінісне айналады.

Бұдан әрі Бүкіл дүниежүзілік көрмелер ойын-сауық және бос уақытты өткізу орындарына айналады: Монреалдағы  “Ла Ронд” саябағы, Осакадағы “EXPOland”.

1988 жылдан бастап, елдер өздерінің көрмелік павильондарының арқасында өздерінің ұлттық бейнесін жақсартудың әдісі ретінде пайдалана бастады.

Қазақстан 1997 жылдан бері Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) мүшесі болып табылады және 2005 жылдан бастап EXPO-ға қатысады.

EXPO-ны өткізу тарихын Қазақстан Республикасының осы ұйымға енген сәтінен бастап толығырақ қарастырайық.  

1998 жыл, Португалия, «Мұхитболашақтың мұрасы»

22 мамырдан 30 қыркүйекке дейін Лиссабонда (Португалия) «Мұхит — болашақтың мұрасы» тақырыбында EXPO-1998 көрмесі өтті. Тақырып Португалдық теңізші Васко да Гаманың Үндістанға дейін ашқан теңіз жолының 500 жылдығына байланысты таңдалынып алынды. Шамамен 155 ел мен ұйымдар көрсетілді, 132 күнде көрмеге шамамен 11 млн адам келді. EXPO-1998 арналған аймақ 5 км-ге созылды және Тежу өзенінің жағасындағы Лиссабонның шығыс бөлігінің 50 гектарын алды.  

Көрменің жаңалығы Швейцариялық «Swatch» сағат кәсіпорыны болды, олар магниттеуден кейін өткізіп тұратын турникеттердегі кіру билетінің қызметін атқаратын кіріктірме чипі бар арнайы қол сағатар шығарды. Көрмені өткізу барысында павильондардың екі түрі болды: тақырыптық және аймақтық. Бүгінгі күні EXPO деп аталатын аймақ шамамен 28 мың тұрғыны бар заманауи аудан болып табылады.

2000 жыл, Германия, «Адам – табиғат – техника – жаңа әлемнің тууы». 1 маусымнан 31 қазанға дейін Германияда «EXPO-2000» көрмесі өтті. Өткізу орны үшін Ганновердің әйгілі жәрмеңкелі алаңы таңдалынды, ол жерде халықаралық CeBIT IT- көрмесі өткен.  

 

Федерациялық республика үшін EXPO-2000 өзін 10 жылдан кейін әлемге қонақжай ел екендігін, мәдениеті жоғары дамыған және заманауи ғылымы бар ұлт екендігін  көрсетуге жақсы мүмкіндік болды. Өзінің басты тақырыбы «Адам – табиғат – техника – жаңа әлемнің тууы»болған EXPO-2000 көрмесі әлемнің болашақтың шақыруына бірлескен түрде қалай жауап беруге болатындығын көрнекі түрде, нақты және еліктіретін түрде көрсетті.

1995 жылы сол кездегі бас канцлер Гельмут Кольмен 185 мемлекет пен 9 халықаралық ұйым Ганновердегі бүкіл дүниежүзілік көрмеге шақырылды. 180-нен астам ел мен ұйымдар қатысуға өз келісімдерін берді – бұл барлық бұрынғы Expo-ға қарағанда көбірек. Олар келушілерді бүкіл әлемді аралауға экскурсия жасауға шақырғандай болып, өздерін көрме кешенінің павильондары мен залдарында көрсетті.

Көрменің негізгі тақырыбы жекелеген бөлімдерге бөлінді: «Елестер ғаламшары», «Адам», «Қоршаған орта: ландшафт, климат», «Қоректену» және көптеген басқалары. 100 мың шаршы метрлік аймақта әлемнің әр жерінен келген қонақтар болашақ мәселелерді шешу бойынша идеялар және ұсыныстармен көрнекі және белсенді танысып, жалпыға ортақ бір болашақ әлемдегі өмірге арналған идеяларды өздерімен ала кетті. 

2005 год, Япония, «Мудрость природы»

 

25 наурыздан 25 қыркүйекке дейін Жапониядағы Аичи префектурасында (Нагоя қаласының шығыс бөлігі) EXPO-2005 көрмесі өтті, онда  100-ден астам ел ұсынылды. Көрменің негізгі әрекет етуші тұлғалары – айналаны тазалаумен айналысқан, келушілерге ақпарат берген және балалармен ойнаған сансыз роботтар. 

 

Көрмеде өркениеттің табиғатпен жанасуы, біріншінің екіншіден даналыққа үйрену қабілеті айқын көрсетілді.

Қожайын – елдің павильоны крахмал мен тағам қалдықтарынан жасалған сіңіргіш пластиктен тұрғызылған, ал оның басты ерекшелігі – үлкен бамбук торы, ол бүкіл павильонды жауып тұрады. Бұл өнертабыс – фреонды және басқа да кондиционерлердің баламасы. Мұндай жаңалық күн сәулелерінің ықпалын азайтып және «Бамбукті тоғандағы желдің» ықпалын шығара отырып, ғимарат ішіндегі температураны 23%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Көрме Сэто қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде (префектура Айти) орналасты және 540 гектарлық алаңды алып жатты. Сэто қаласының айналасы - таулы, орманмен жабылған, сол себепті көрмелік павильондарды  тұрғызу ыңғайлы емес. Көрме 185 күнге созылды. Онда 121 елдің экспозициялары көрсетілді, және көрермен саны 15 млн-нан кем болған жоқ. 

 

EXPO-2005 жаңа технологиялардың қоршаған ортаға деген ықыласпен қарым-қатынаста бола алатындығын көрсетуді үндеді.

Бұл көрмеде Қазақстан Республикасы өзінің тарихында алғаш рет ЭКСПО-ға қатысты.

2008, Испания, "Су және тұрақты даму"

2008 жылдың 14 маусымынан 14 қыркүйегіне дейін Испанияның ең елеулі қалаларының бірі «Су және тұрақты дму» ұранымен болған Бүкіл дүниежүзілік көрмені қабылдады. Үш ай ішінде бәрінің назары су тақырыбында болды. 

 

Ауданы 25 га көрмелік қала ең көрнекті сәулетші – авангардшылармен жобаланды. Көрменің барлық кеңістігі сиқыр мен тосын сыйларға толтырылды; мұнда цунамидың ұқсатқышы және Еуропадағы ең үлкен тұщы су аквариумы болды. Келушілер әлемнің барлық елдерінің ұлттық тағамдарынан дәм татып, мерекелеріне қатыса алды, сондай-ақ сумен байланысты барлық нәрсені біліп, бәрінің дәмін татты. Көрмеге барлығы 104 ел қатысты.

 

Қазақстан EXPO-2008-де

Сарагостағы EXPO-2008 қорытындысы бойынша, қатысушы 104 елдің арасында, "С" санаты бойынша Қазақстанның павильоны сыртқы және ішкі безендіру бойынша үшінші орын қола жүлдеге лайық болды.

Қазақстан Республикасының Президенті "Сарагостағы EXPO-2008" халықаралық көрмесіне жасаған сапары кезінде осындай шараны Астана қаласында өткізу қажетілігі туралы атап өткен болатын.

 

2010, Қытай, “Жақсы қала – жақсы өмір”

2010 жылы 184 күн бойы – 11 мамырдан 31 қазанға дейін – Қытай Халық Республикасындағы Шанхайда Бүкіл дүниежүзілік көрме өтті. Көрменің тақырыбы - “Жақсы қала – жақсы өмір”. 198 ел мен 27 халықаралық ұйым қатысты. Көрмеге 70 млн. жуық адам келді.

Көрме Нанпу мен Лупу көпірлері арасындағы Хуанпу өзенінің екі жағалауындағы 5,28 км² жағалаулық аймақта орналасты. «EXPO осі» қонақтар үшін көрменің ең маңызды және қызықты бөлігінде өтті. «EXPO саябақ» - бұл келушілерге арналған және көрмелік қаланың аймағында орналасқан жасыл алқап. Көрмені өткізудің бүкіл кезеңіндегі мәдени және ойын-сауық шараларының жалпы саны шамамен 20 мың, яғни әр күн сайын шамамен жүз шара.

Шанхай көрмесінде алғаш рет «Қала құрылысының ең жақсы тәжірибелері» Аймағы ашылды. Мұнда қалалардағы өмір сапасын көтеру бойынша өзіндік жобалар ұсынылды. Аймақ алаң ретінде ойластырылған, онда қалалардың өкілдері қалаларды дамыту және салу салаларындағы тәжірибелерімен алмаса алды.

Қазақстан EXPO-2010-да

Қазақстанның павильоны «Азия» аймағында Жапония және Оңтүстік Кореямен көршілес болды. Шанхай EXPO-2010-дағы Қазақстандық павильонның негізгі мақсаты – Астананың халықаралық жайғасымын әлемнің ең жас және серпінді түрде дамып келе жатқан астана екендігін көрсету. Қазақстан ұлттық экспозициясының тақырыбы "Астана – Еуразия жүрегі ".  Павильонға шамамен  1 млн-дай адам келді.

EXPO-2010 көрмесі ресурстарды қысқарту, қылмыс деңгейін төмендету, қоршаған ортаны ластауға қатысты мәселелердің тұжырымдамалық шешімін болашақтың қалаларын үлгілеу арқылы ұсынды. Шараны ұйымдастырушыларға 12 млрд доллар кіріс әкелді. Орта бизнестің кірісі ең кем дегенде 20 пайызға артты.

2012, Оңтүстік Корея, “Тірі мұхит және жағалау

2012 жылдың 12 мамырынан 12 тамызына дейін Оңтүстік Кореялық Ёсу қаласы "Тірі мұхит және жағалау" деген ұранмен Халықаралық мамандандырылған көрмені қабылдады.

EXPO көрмесінен басқа, 250,000 шаршы метрлік көрмелік аймақта EXPO қалашығы, көлік қоятын орын, саябақтар, жас көшеттер, мейрамханалар, мұражайлар және кафелер орналасты.

Көрмені өткізу орны кездейсоқ таңдалынған жоқ және көрменің тақырыбына сәйкес келетін мұхиттың әдемі жағасына кездейсоқ орналасқан жоқ.

Көрменің аймағы Ұлттық теңіз Халюсидо Саябағына және Одонг аралына шығады, және EXPO-ның тақырыбын  жандандыратын тамаша табиғи жағдайлары бар 317 кіші аралдармен қоршалған.

Ёсу EXPO-2012 халықаралық қауымдастықтың әлемдік мұхит пен жағалаудың функциялары мен құндылықтары туралы түсінігін жақсартуға және теңіз саласындағы ынтымақтастықты орнатудың қажеттілігін мойындауға мүмкіндік берді.

Қазақстан EXPO-2012-де

Қазақстан өзінің павильонын Бүкіл дүниежүзілік ЭКСПО  әмбебап көрмесінде төртінші рет көрсетті. Қазақстанның павильоны мәдениет пен ғылымдағы, бизнес пен туризмдегі дәстүрлер мен инновацияларды ескере отырып, салынған. Павильон су тақырыбына арналды және Қазақстанның тарихы мен салт-дәстүрлері туралы, оның заманауи өмірі мен болашағы туралы баяндады.

Қазақстандық павильон 6 аймақтан тұрды. Келушілер бүкіл павильон бойынша таратылған интерактивтік шоуларды көріп, қатысты. Қазақстанның павильоны Астанаға ерекше назар аударған, сол кездің өзінде ол «Болашақтың қуаты» ЭКСПО-2017-ні өткізуге үміткер-қала болған.

 

2015, Италия, «Ғаламшарды қоректендіру, өмірге арналған қуат»

Халықаралық «Экспо-2015» көрмесі Миланда (Италия) 2015 жылдың  1 мамырынан сол жылдың 31 қазанына дейін өтті. 

Экспо-2015»-тегі сансыз экспозициялар, мыңдаған қызықты оқиғалар, мәдени шаралар мен кездесулер, спектакльдер мен концерттер азық-түліктерді өндірудегі дәстүрлер мен жаңалықтарға арналды. 

Көрмелік павильондар үшін Миланның солтүстік-батысындағы 1 млн. шаршы метрден асатын алып аймақ тағайындалды. Басты экспозиция Fiera Milano көрмелік орталығы болды.  

Қазақстан EXPO-2015-те

Миландағы «ЭКСПО-2015» Бүкіл дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны  «Тақырып пен мазмұнның үздік ашылуы» номинациясы бойынша ең үздік павильондардың үштігіне енді. Қазылар алқасының ойынша Қазақстандық павильонның мазмұнды бөлігі көрменің тақырыбын аша алды, сондай-ақ келушілерді егіншілікпен, географиямен, азық-түлікпен қамсыздандырудың дәстүрлері және ерекшеліктерімен, және ұлттық тағамдармен таныстыра алды.

Екі қабатты ғимаратта жалпы ауданы  3000 шаршы метрлік жерде орналасқан Қазақстандық павильонның тақырыбы «Қазақстан – мүмкіндіктер елі» деп  естіліп тұрды.

Біздің еліміздің павильоны көрменің бүкіл кезеңі бойына көрермендер ең көп келген  павильондар санына кірді және көрмені ұйымдастыру комитетінің ұйымдастырған дауыс беру нәтижелері бойынша көшбасшы болды. Жыл сайын  павильонға 5 000 адам келді, жабылғанға дейін павильонды көргісі келген қонақтардың саны сарқылған жоқ. Көрменің аяғына қарай Қазақстандық павильонды көруге 1 миллионнан астам келушілер келді. 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017