Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / 25 тамызда сағат 15:00 Астанадағы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағындағы Ұлттық күн сахнасында кәсіпқой бокс кеші қатысушыларының салмағын өлшеу рәсімі өтеді

25 тамызда сағат 15:00 Астанадағы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағындағы Ұлттық күн сахнасында кәсіпқой бокс кеші қатысушыларының салмағын өлшеу рәсімі өтеді. Негізгі жекпе-жекке қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова (6-1, 4 КО) және Болгария өкілі Милена Колева (9-9-1, 3 КО) күш сынасады. Он раундтан тұратын жекпе-жек жеңіл салмақтағы WIBA және WBU бос титулдары үшін өтеді. Екі спортшы да айқас алдындағы салмақтарын көрсетіп, «көз тартысын» өткізеді.

Сондай-ақ салмақ өлшеу рәсіміне осы кештің өзге де боксшылары қатысады:

Айдын Елжанов (3-0, 2 КО), Қазақстан - Абылайхан Есентаев (дебют), Қазақстан – екінші жартылай жеңіл салмақ

Апти Устарханов (15-2-3, 5 КО), Ресей - Сосо Абуладзе (11-6-1, 8 КО), Грузия – екінші орта салмақ

Темірлан Райымқұлов (0-0-1, 0 КО), Қазақстан - Степан Партнов (дебют), Өзбекстан – орта салмақ

Әмірхан Төлеуов (1-2-0), Қазақстан - Анар Хумбатов, Әзірбайжан – жартылай орта салмақ

Сонымен қатар ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізетін қарсыластар жұбы ұсынылады. ”Муродат аюы” Хантураев (6-1-1), Өзбекстан Юрий Проценко (8-4-0), Украина – ауыр салмақты категория.

Бокс кешінің барлық қатысушылары ертесіне тартысты айқастарын көрсетеді, ал сол күні олар салмақтарын өлшеп, дәстүрлі шоу-элементі – «көз тартысын» өткізеді.

Салмақ өлшеу рәсімі бокстың ажырамас әрі қызықты бөлігі, өйткені ол жекпе-жек алдында өткізіліп, боксшының физикалық күйін көзбен көруге мүмкіндік берсе, «көз тартысы» қарсыластардың психологиялық дайындығын айқындайды.

Шараға аккредиттеуден өту үшін EXPO-2017 талаптарына сай мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://expo2017astana.com/ru/page_id=129.

Естеріңізге салсақ, кәсіпқой бокс кеші EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында жуырда Фируза Шәріпова және EXPO-2017 көрмесімен бірлесіп ашылған FSK Promotion промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтеді.

 

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017