Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Арт орталығында Мария Савостьянованың «Бүгінгі дизайн» дәрістер топтамасы өтеді

Құрметті журналистер!

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Арт орталығында Мария Савостьянованың «Бүгінгі дизайн» дәрістер топтамасы өтеді. Курсқа келушілер дизайннің әртүрлі салаларын біріктіретін негізгі бағыттар мен кәсіпқойлар және олардың жобаларымен танысады.

25 тамыз жұма күні сағат 19:00-де «Стратегиялар және жаһандану тәжірибесі» тақырыбында бірінші дәрісі өтеді. Дәрісте жергілікті ерекшеліктің бейімделу әдістері және «жергілікті» ұғымын «жаһанды» ұғымына аудару қарастырылады. Сатиендра Пакхале, Патрисия Уркиола, Паола Навоне және басқа да дизайнерлерінің шығармалары талданады.

Сонымен қатар, 26 тамыз сенбі күні сағат 15:00-де дәріске келушілер «On/Off. Жарықтық дизайн: технологиялар, жобалаушылар, фабрикалар мен бейнелер» тақырыбындағы дәріс өтеді.

27 тамыз, жексенбі күні сағат 15:00-де «Соңғы дизайн бағыттары: 2017 жылғы 10 концептуалды жобалар және дизайнерлік инсталляциялар» тақырыбына талқылау өтеді.

Мария Савостьянова – өнертанушы, дизайн сыншысы, «Интерьер+Дизайн» журналы бас редакторының орынбасары. Тұтынушылар және коллекциялық дизайн туралы 350-ден астам мақалалардың авторы. 15 жыл бойы ірі дизайн және заманауи өнер көрмелеріне шолу жасауда. «Бүгінгі дизайн» - заманауи дизайннің маңызды мәселелері туралы үш дәрістен тұратын интенсив курсы.

 

Мекенжай: Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 55

Қосымша ақпарат алу үшін тел. +7 7172 93-90-40, 87779823133

Қоғаммен байланыс департаменті

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017