Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Ұлттық күн / Ватикан

EXPO 2017 аясында Ватикан күндерінде халықаралық мамандандырылған көрмесінің келушілеріне Кафедралы собордың «Soli Deo gloria» Католиктік хорының өнерін тамашалау мүмкіндігі ұсынылады. Хор Новосібірде ғибадатхананың ресми ашылуынан бастап құрылған. Діни қауымның шығармашылық тобының репертуарында классикалық және заманауи авторлардың туындылары бар.

Астанада алғаш рет григориандық көпдауысты хорал стиліндегі батысеуропалық композиторлардың XVI-XVII ғасырларда шығарған туындылары орындалады.

2 қыркүйекте хор Астана ЭКСПО 2017 көрмесі амфитеатрының сахнасында өнер көрсетеді. Ватикан күндеріне ЭКСПО 2017 көрмесіндегі Қасиетті Тақ (Ватикан) секциясының комиссары, Әділет және бейбітшілік Паптық Кеңесінің төрағасы, Кейт-Косттың құрметті архиепископы, кардинал Питер Тарксон, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, «Астана ЭКСПО 2017» ҰК» АҚ жетекшілігінің өкілдері қатысады.

Бұл күндері Ватикан павильоны қонақтарын құшақ жая қарсы алады. Экспозиция келушілеріне Рим католиктік шіркеуінің қоршаған орта мен ғылымның дамуына қосқан үлесі жайлы әңгімеленеді. Ватиканда Еуропадағы ең үлкен екі күн панелі орналасқаны белгілі. Басты күн батареясы Санта-Мария ди Галерия базиликаның маңындағы ауданы 300 гектар құрайтын аумақта орнатылған. Күн панелі Павел VI конференц-залының шатырына қойылған. Сарапшылардың айтуынша, панельдер Ватиканға 89,84 тонна мұнай өнімдерін жақпауға мүмкіндік береді.

Биыл Ватиканда қуаттылығы 100 МВТ, ал құны 660 миллион доллар тұратын фотогальваникалық құрылғының құрылысы аяқталды. Бұл Еуропадағы күн энергиясын өндіретін ең үлкен зауыт болары сөзсіз. Шығару қуаттылығы – Еуропа бойынша рекорд болып саналатын: шыңдық мерзімде бір тұрғынға 200 ватт (осы саланың әлемдік көшбасшысы Германия тек қана 80 ваттқа қолжеткізіп отыр).

Құрылғы Ватиканды күн энергиясынан толық қуат алатын әлемдегі тұңғыш мемлекетіне айналдырды. Сондықтан еуропалық БАҚ оны «әлемнің ең «жасыл» елі» деп атап кеткен.

Жақын арада Ватиканның барлық көлік түрлерінің (соның ішінде әйгілі «Папа-мобиль») электрлік тарту күшіне өту мәселесі шешілмек. Рим Папасы Франциск өзінің «Laudato si'» негізгі паптық құжатында «интегралды экология» идеяларын ұсынып, халықаралық қауымдастықты «ортақ үйіміз – Жердің ахуалына жауапкершілікпен қарауға» шақырды.

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017