-
Cипаттамасы
Болашақ энергиясы
Президент
Қазақстан
Астана

Әкімшілік кеңсесі / ЭКСПО-2017 комиссары / Комиссардың қызметтері мен міндеттері

«Комиссардың қызметтері мен міндеттері» бөлімі

Халықаралық мамандандырылған көрмесі Комиссарының 

ЭКСПО-2017

1. Комиссардың негізгі міндеттері: 

  1. ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі – Көрме) ұйымдастыру және өткізумен байланысты барлық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасын өкілдік ету; 

  2. Тіркеу құжаттамасын Халықаралық көрмелер бюросында (ХКБ) ұсыну және ілгерілету; 

  3. Көрмені дайындау және өткізу мәселелері бойынша ұсыныстар жасауға қатысу;

  4. Қазақстан Республикасының Көрмені дайындау және өткізу мәселелері бойынша ХКБ мен Көрменің басқа шетелдік қатысушыларына қатысты міндеттемелерінің орындалуын үйлестіру және бақылау; 

  5. Көрменің шетелдік қатысушыларымен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың дамуына ат салысу;

  6. Көрмені дайындау және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту бағдарламалары мен жобаларын ілгерілетуге ат салысу. 

2. Комиссар өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді атқарады:

  1. өз құзыреті шегінде ХКБ, Көрменің шетелдік қатысушыларымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарымен өзара әрекеттеседі; 

  2. Көрмені дайындау және өткізу мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуге қатысады; 

  3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне ХКБ мүше елдерді Көрмеге қатысуға шақыру туралы ұсыныс жасайды; 

  4. Көрменің Техникалық өтінімдік құжаттамасына сәйкес дамушы елдерге жәрдем бағдарламасын үйлестіреді; 

  5. Қазақстан Республикасының Көрмені дайындау және өткізумен байланысты бағдарламалары мен жобаларын шетелде және Қазақстан Республикасында ілгерілетуге ат салысады; 

  6. Көрмеге қатысушылар құрамын келіседі, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Көрмедегі ұлттық секциялар (павильондар) орындарының орналасуы жөнінде ұсыныс жасайды; 

  7. ХКБ Атқарушы комитетінің отырыстары мен Бас Ассамблеясының сессияларына қатысады; 

  8. ХКБ-на Көрмені дайындау және өткізу барысы туралы ақпарат пен түсіндірмелерді ұсынады; 

  9. өз құзыреті шегінде ХКБ талаптарына сәйкес Көрмені дайындау және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау жүргізеді; 

  10. Көрмені дайындау және өткізуге қатысты Қазақстан Республикасының қабылданған нормативтік-құқықтық актілері туралы ХКБ, Көрмеге қатысушыларға хабарлайды; 

  11. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ, Көрмені дайындау және өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның тапсырмаларына сәйкес басқа да қызметтерді атқарады. 

3. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз қызметтерін атқару мақсатында Комиссар келесіге құқылы:

  1. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдарынан өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға; 

  2. ХКБ және Көрмеге қатысушылармен оны дайындау және өткізу мәселелері, сондай-ақ, Халықаралық көрмелер бюросының Конвенциясын орындау жөнінде өзара  әрекеттесуге; 

  3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдарының өкілдерін Көрмені дайындау және өткізу мәселелері бойынша тыңдауға; 

  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Елбасыға тікелей бағынышты және есеп беруге тиіс орталық атқарушы органдар алқаларының, мемлекеттік органдардың отырыстарына, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кеңесші органдардың Көрмені дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі жұмысына қатысуға; 

  5. Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Жетекшісіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына Көрмені дайындау және өткізу мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге; 

  6. Көрмені өткізу үшін құрылатын құрылымдарды тиімді басқару және ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізуге; 

  7. ХКБ-мен, басқа да халықаралық ұйымдармен және шет елдермен Көрмені дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі келіссөздерде және/немесе кеңестерде қазақстандық делегацияны басқаруға; 

  8. өз құзыреті шегінде мекемеаралық жұмыс топтарын құруға, жауапты хатшылар мен бірінші басшылардың орынбасарлары деңгейінде Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдарының өкілдері қатысатын кеңестер өткізуге; 

  9. құзыретіне қатысты мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүктелген міндеттер шегінде басқа да қызметтерді атқаруға.


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017