-
Cипаттамасы
Болашақ энергиясы
Президент
Қазақстан
Астана

Ұйымдастырушы кеңсесі / ЭКСПО-2017 комиссары / ЖОШЫБАЕВ РӘПІЛ СЕЙІТХАНҰЛЫ

"ЭКСПО - 2017" Халықаралық Мамандандырылған Көрменің Комиссары

1963 жылы дүниеге келді. 1985 жылы Қырғыз Мемлекеттік университетін және 1992 жылы Санкт-Петербург Экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. 1985-1988 жж. аралығында Қырғыз КСР мемлекеттік экономикалық жоспарлау құрылымдарында қызмет етті.

1988 жылы Вознесенский атындағы Ленинград қаржы-экономикалық институтына зерттеуші стажер болып түсті, ал 1989 жылы Санкт-Петербор экономика және қаржы университетінің аспиранты атанды. 

1993 жылдан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының үшінші хатшысы, екінші хатшысы. 1996 жылдан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД департаментінің бөлім бастығы.

1998 жылдан – Қазақстан Республикасының Балтық елдеріндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

2000 жылдың тамызынан – Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі бастығының орынбасары.

 2003 жылдың шілдесінен – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.

2004 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2007 жылдың қазан айынан 2013 жылдың мамыр айына дейін - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы. 2011 жылы Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына өтінімін жылжыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып тағайындалған. 2013 жылдың 24 мамыр күні Елбасының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2013 жылы Мемлекет басшысының жарлығымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары болып тағайындалды.

Бірінші сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттиялық дәрежесі бар.

Ағылшын тілін меңгерген.

2006 жылы 2 дәрежелі «Достық», 2011 жылы «Парасат» ордендарымен марапатталды. Сонымен қатар, поляк-қазақстандық экономикалық ынтымақтастығының дамуына аса көрнекті үлес қосқаны үшін Польшаға қызметі үшін Орденімен марапатталған.

Отбасылы, 5 баласы бар.


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017