Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / 8 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНДЕ РЕСЕЙДІҢ ҰЛТТЫҚ КҮНІ ӨТЕДІ

 

 

 

8 қыркүйек күні ЭКСПО-2017 келушілерінің назарына алуан түрлі ресейлік мәдени және іскерлік шаралар, әсерлі ұлттық шеру, дәстүрлі орыс тағамдары, әншашу мен билері ұсынылады. Бұл күні Ресей Федерациясы Халықаралық мамандандырылған көрмесінде өзінің Ұлттық күнін атайтын болады.

ЭКСПО-2017 көрмесінде 115 қатысушы елінің әрқайсысы Ұлттық күнін мерекелесе, Ресей бұл әдемі дәстүрді ЭКСПО тамамдалуға екі күн қалғанда өткізеді.

Ресейдің Ұлттық күнін мерекелеу барысында келетін ресми делегацияны Ресей Федерациясы Үкіметінің төраға орынбасары Аркадий Дворкович басқарады. Сондай-ақ делегация құрамында Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Георгий Каламанов, Ресей Федерациясының Көлік министрінің орынбасары Алан Лушников, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Михаил Бочарников, «Русатом – Халықаралық желі» президенті Александр Мертен, «Уралкалий» ПАҚ Бас директорының орынбасары Олег Калинский және ресейлік ірі корпорацияларының өкілдері болмақ.

Ресей Федерациясының Ұлттық күнінің ашылу салтанаты күндізгі 12.00 ЭКСПО-2017 Ұлттық күн сахнасында басталып, ауқымды шерумен аяқталады. Шеруде қатысушылар Омск филармониясы оркестрінің сйемелдеуімен бүкіл территория бойынша Ресей туы және ел өңірлерінің туларын алып шығады.

Бұл күні Ресей өңірлерінің Мәдениет Фестивалінің жабылуына орай гала-концерт өткізіледі. Көрменің ашылуымен бірге басталған Фестиваль барысында елдің түпкір-түпкірінен келген: Татарстан, Самара облысы, Челябі облысы, Свердлов облысы, Алтай, Мәскеу және т.б. өңірлердің шығармашылық ұжымдары қатысқан.

8 қыркүйекте көрме қонақтары «Ресей» Мемлекеттік академиялық орыс халық ансамблі, атақты музыкант-сырнайшы Вадим Эйленкриг, «Бурановские бабушки» ансамблі, CoffeetimeBand вокалдық жобасы, «Славяне» фольклорлық тобы, «Алтай» Мемлекеттік ән мен би жастар ансамлі, «Сибирская забава» вокалдық ансамблінің өнерін тамашалай алады. Көрме және Ресей павильонының келушілерін интерактивті бағдарлама, сыйлықтар мен тосын сыйлар күтуде.

Мерекелеу аясында іскерлік бағдарлама да қарастырылған. Ресей Павильоны көрме жұмысының барысында іскерлік пікірталастар, дөңгелек үстелдер мен форумдарды өткізу бойынша ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналды. 8 қыркүйекте Ресей серіктестігімен өтетін Kazenergy XI Еуразиялық форумында «Таза» энергетика ­ болашаққа үлес қосу» бағдарламалық сессиясы өтеді. Іскерлік шара әлемнің экономикасына ықпал ететін энергетикалық саланың дамуына баға беруге арналады. Дәреже беру бойынша халықаралық комитетінің мүшелері Рае Квон Чунг және Стивен Гриффитс, Бүкіләлемдік биоэнергетика қауымдастығының (WBA) президенті Ремигиюс Лапинскас, сондай-ақ Орыс-неміс экологиялық ақпарат бюросының директоры Ангелина Давыдова баяндамаларымен шығады.

Пікірталастың модераторы «Жаһандық энергия» Халықаралық энергетика саласындағы зерттеулер мен жобалардың дамуы қауымдастығының Президенті Игорь Лобовский болмақ.

Сонымен қатар «Росатом» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп ұйымдастырылған «Атомдық салаға арналған жаңа технологиялар мен шешімдер» атты бағдарламалық сессиясы мен Kazenergy XI Еуразиялық форумы өтеді.

Салтанатты және іскерлік шаралар сағат 18.00 аяқталады. ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылуы 10 қыркүйекте өтпек.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017