Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Мансур Аль Мансури: ЭКСПО-2017 Көрмесі болашақ энергетика саласын қалыптастыруда еліміздің атқарған жұмыстарын паш етуге бірегей мүмкіндік берді

Бүгін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіаясында Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күні атап өтілді. Мемлекет жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірқатар жобаларды қолдау және қаржыландыру арқылы тәжірибесімен бөлісті. Бұл тұрғыда мемлекеттің Тынық мұхит Серіктестік Қоры, Абу-Даби даму қоры және Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттікпен (IRENA) ынтымақтастығы БАӘ-нің халықаралық деңгейдегі беделін және экологиялық таза энергия саласындағы шешімдерді дайындаудағы үлесін көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық күнді мерекелеу барысында БАӘ Ұлттық Бұқаралық ақпарат құралдары Кеңесінің Бас директоры Мансур Аль Мансури мәлімдеді.

Жиынның ресми бөлігінде сөз сөйлеген Мансур Аль Мансури Біріккен Араб Әмірліктерінің ЭКСПО-2017 Көрмесіне қатысуы болашақ энергетика саласын қалыптастырудағы, сондай-ақ «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы өзге елдердің озық тәжірибелерін, негізгі тенденциялары мен технологияларын зерттеу саласындағы елдің үлесін көрсетуге бірегей мүмкіндік бергендігін атап өтті.

«ЭКСПО-2017 Көрмесі жаңартылатын энергияны, жасыл экономиканы дамыту маңыздылығын сондай-ақ аталған бағыт бойынша жаңа технологияларды енгізу қажеттілігін көрсетті. Бұл баламалы энергия көздеріне ерекше көңіл бөлінген БАӘ-нің энергетикалық ресурстарды әртүрлендіру бойынша стратегиясында көрініс тапты. Аталған стратегия күн, су және жел сияқты энергия көздерінің қолайлы балансын құруға бағытталған. Атқарылған жұмыс нәтижесінде Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттігінің штаб-пәтері БАӘ астанасы Абу-Дабида құрылды», - деп қорытындылады Мансур Аль Мансури.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Тимур Тоқабаев ЭКСПО-2017 Көрмесі жасыл технолоргиялар, мәдениетті дамыту және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы жетістіктерді ұсыну үшін тамаша мүмкіндік екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Тимур Тоқабаев екі ел 25 жыл арлығында энергетика саласы және басқа да көптеген бағыттар бойынша өзара тығыз қарым-қатынас орнатқанын ескеріп өтті. Соңғы жылдары екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамып келеді.

«Халықаралық қаржы орталығын ЭКСПО аумағында құру барысында Дубайдың тәжірибесі өте маңызды болды. Нәтижесінде Біріккен Араб Әмірліктері инвесторлары үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады және БАӘ азаматтары үшін қолданыстағы визасыз режим барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға ықпалын тигізеді», - деді Тимур Тоқабаев.

Біріккен Араб Әмірліктері дамыған елдер қатарындағы Германия, Франция, АҚШ және Аустралиямен бірге Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі кеңеске мүше. БАӘ Ұлттық павильоны климатты бақылау саласындағы шешімдерді және энергетика саласындағы негізгі жаһандық бастамаларды ұсынады. Сондай-ақ болашақта ұлттың дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін бірқатар зерттеу жобалары мен жоспарлары көрсетілген.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017