Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / EXPO 2017 көлік нарығын электромобильдерге бет бұрғызды

Сарапшылар көлік нарығы тұтынушыларының электромобильдерге деген күшейіп келе жатқан қызығушылығын байқап, мұны Астанада жемісті өткен EXPO 2017 халықаралық көрмесімен байланыстыруда

Нарық талдаушылары көрсеткендей, 2017 жылдың қазанында электромобильдер сатылым саны бойынша рекорд қойды. Маркетологтардың соңғы мәліметтеріне сай, электр тарту күшімен жұмыс істейтін сатылған көлік саны 650 мыңнан асып түсті. Тамыз айында электромобильдер мен гибридтерді сату бойыша айлық рекорд қойылып, 30 күн ішінде 100 мыңнан астам бірлік сатылған.

Ең танымал электромобиль Nissan Leaf атанып, 33 мыңнан астам сатылымды құрды. Гибридтер сыныбында Toyota Prius Prime көшбасшы атанып, 35 мыңнан астам экземпляр сатылған.

Ең танымал көлік өндірушілері қатарында: Tesla, BMW және BYD. Көшбасшылыққа ие болған үштік электр тарту күшіндегі көлікті 200 мыңға жуығын сатқан екен.

«Бүгінде біз Балтия, Ресей және Орталық Азия елдерінің электромобильдер мен гибридтерге деген қызығушылықтың өскенін байқап отырмыз. Бұны бір жағынан биылғы жазда Астанада өткен Future Energy форумының алаңында орын алған пікірталастармен байланыстырып отырмыз. Айта кетсек, EXPO 2017 көрмесінде экспонаттар ретінде Швейцария, Франция, Германия, Өзбекстан және Қазақстан электромобильдері - тәжірибелік даналары ұсынылды. Дәл осы жағдай нарықтың жандануын туғызды демесем де, алайды бұның нарықтық қатынастардың катализаторы рөлін атқарғаны шүбәсіз» - дейді Шығыс Еуропалық көлік нарығының маркетингтік бюросының сарапшысы Душан Благоев.

EXPO 2017 көрмесімен электромобильдер өндірісі нарығына зор ықпал тигізетін тағы бір ақпарат байланыстырылады. LG концерні Польшада Еуропа бойынша литий-иондық батареяларды шығаратын ең ірі зауыт салуға ниетті екендігін жариялады. Электрлік тарту күшімен жұмыс істейтін көліктер осы элементтермен жабдықталатын болады.

Зауыт польшалық Вроцлав қаласының маңында салынады. Бұл жер бекер таңдалған жоқ, мұндағы логистика ескеріліп, Германиядағы электрокар және гибридті көлік жасап шығаратын Daimler AG, Volkswagen AG және BMW AG секілді әйгілі концерндерге жету үшін ең қысқа жолдары бар екен.

LG Chem Еуропадағы зауыттың құрылуына 2 миллиард долларға жуық қаржы құйып, 2 500 жұмыс орнын ашады. Сондай-ақ әртүрлі салада істейтін 400 сарапшыны қажет ететін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлы орталықтар ұйымдастырылады.

Айта кетерлік жайт, польшалық және оңтүстік кореялық әріптестер нақ осы EXPO 2017 алаңында бірін-бірі тауып, мәміленің алғышарттары сол жерде келісілген болатын.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017