Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Борисенко қағидасы

«Егер біз осыны өрістетсек, бұл ғылыми-техникалық жаңалық бүкіл әлемге жайылып, Қазақстанның даңқын шығарады. Мен қадағалаймын... , Іске кіріс!» - осы сөздермен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарағандылық өнертапқыш Александр Борисенкоға қолдау көрсететінін білдірді.

Қарағандылық ғалым Александр Борисенконың «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынған жобасы шетелдік компаниялардың қызығушылығын тудырып, бүгінде Германияның өнеркәсіп нысандарында қолданылмақшы.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз мәслихатында Энергетикалық тиімділік және ресурстарды үнемдеу қоғамдық палатасының басқарма төрағасы Елдос Абақанов мәлімдеді.

Өнертапқыш, химия ғылымдарының докторы Александр Борисенко «Онлайн ЭКСПО-2017» республикалық байқауы жеңімпаздарының бірі атанды. Ол қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеу арқылы атмосфераға зиянды заттарды шығармай, жылу мен энергияны өндіретін кәдеге жарату кешенін әзірлеп шығарды. Сонымен қатар, диоксиндер және өзге де зиянды шығарылымдардың құрылуын болдырмай, кез келген уытты және қауіпті қалдықтар, қатты тұрмыстық қалдықтар мен тұрақты органикалық ластаушыларды өртеу мүмкіндігі пайда болып отыр. Бүгін осы өнертабыс туралы толығырақ EXPO 2017 сайты әңгімелеп береді.

Бәрі де «Чиж-2000» атмосфералық ауаның аэроэлектронды сауықтырғышы» деп аталатын ауа ионизаторы құралынан басталды. Сол кезде, мыңжылдықтың басында, қарағандылық кәсіпкер жалған ғылыми қызметі үшін дәлелдеусіз айыпталған Александр Чижевский ғалымының жақсы атын ақтап шығатынын әрі жаһандық экологиялық қауіптен әлемді құтқара алатын құрылғына салатынын үш ұйықтаса да, түсіне кірмеген.

Осыдан көп жыл бұрын бұрыңғы КСРО азаматтарының санасында Қарағанды металл және көмірмен емес, Қылмыс кодексінің ұмытылмас 58-нші бабымен байланыстырылған. Осындағы Қарлагта негізінен антикеңестік насихат үшін отырған болатын. Александр Чижевскийге келер болсақ, оның «мемлекетке қарсы» әрекеттері Сталин сыйлығының беделді лауреаттары, көптеген монографиялар мен оқулықтар авторларының көпшілікпен мойындалған пікірімен келіспегендігінде жатыр. Ғылыми әзірлемелерге бюджеттен бөлінген ақша үшін күресте ешбір айладан жиренбеген, оппоненттердің ыждаһатымен теориялық талас саяси жазықтыққа өтеді. «Сөз тасу жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан асып түседі!» - бұл қазіргі таңда дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома, ал сол кезде екібастан! Ғылым данышпандарының таласындағы шешуші дәлел ретінде болған құпия шағым физикті еріксіз тұтқынға айналдырады.

Лагерь тозағынан аман шыққан ғалым, өкінішке қарай, толыққанды ғылыми қызметке орала алмай, өзінен кейін әйгілі «Чижевский шамын» және эксперименттік дәлелдеуін таппаған, сондықтан әдеттен тыс көрінетін теориялық іздеулер қалдырды. Алайда «көпшілікпен мақұлданған» шындыққа деген күмән халық арасында тарап, ал Чижевский ұзақ онжылдықтарға ғылымдағы нонкорформизм символына айналды.

Чижевскийдің «жалған ғылымдық» идеялары қарағандылық Борисенкоға жұққанда, осы үшін отырғызбайтын болды. Алайда ғылым әлемінде пікір алуандығы дамымай қойды, мұнда әлі де беделділерге жалтақтау бар. Ионизация әсері мен оның өнеркәсіптегі тәжірибелік қолданысы әзірше аз зерттелген. Ғылыми тәжірибелер көп қаржыны қажет етті, ал мемлекет болса, ресми қолдау таппаған болжамдар тілге тиек етілгенде, ақшасынан оңай айырыла қоймас.

Кәсіпкер Александр Борисенконың (айтпақшы, бірінші білімі бойынша физик) қаржысы да, эксперимент өткізуге ықыласы да ауып тұрды. Ал, ең бастысы, пікірлес командасы болған. «Абсолют-Қазақстан» ЖШС металл құрылымдары зауытының цехында кеңестік ғалымның қолжазбалық сызбалары бойынша құрастырылған алғашқы қондырғылардың өздері қазақстандық өнертапқыштың дұрыс жолмен келе жатқанын көрсетті. Судан өткізілген көмірқышқыл газы ортасында өндірілген түрлі полюсті электрразряды («найзағай әсері») заттекті көміртек пен оттекке ыдыратқан. Ары қарай эксперименттер «Шығарылатын өнеркәсіп газдарының электрохимиялық қалпына келтірілу үдерісі» тақырыбына айналады.

2002 жылдың қыркүйегінде А.Чижевскийдің 105-жылдығы мерейтойына арналған ғылыми конференцияда Александр Борисенко жұртшылыққа Жер бетіндегі ауаны тазарта алатын құрылғы арқылы қоршаған ортаны қорғау тұжырымдамасын әзірлегенін мәлімдеді. Осынау беделді форумға қатысқан қазақстандық және шетелдік ғалымдар қазақстандық ғалымның батыл идеясын шабыттана қабылдады. Алайда, сол кезде қолданыстағы құрылғының шынайылығына сене қойғандар аз болды: энтузиаст-тәжірибеші қосалқы бөлмеде әлденені құрастырған шығар... бәрі де мүмкін!

Бірақ кейіннен агрегаттың әрекеттегі қағидасымен танысқан кезде ғалымдар аң-таң болатын (дәл солай көрермендер Фуко маятнигіне де тамсанған болар). Шынымен... істейді екен?!

«Оны бірінші рет көргенімде, ол маған тым қарапайым көрінді, сол кезде ойлағаным: осындай қарадүрсін зат қалайша тиімді жұмыс істей алмақ? Алайда кейін қарапайым көрінгенімен модуль өте тиімді істейтініне көзіміз жетті. Бұл өте әсерлі» – деді АҚШЭль Канино Колледжінің профессоры Ричард Карол.

Сол мезеттен Борисенко қондырғысының салтанатты шеруі басталды. Өнертапқыштың өзі қаржы, уақыт, энергиясын аямай, оны жетілдіре берді. 2003 жылдың ақпанында сұйық аноды бар эксперименталды қондырғы сынамадан өтті (ИФЖА-1 ионды фильтрі). 2003 жылдың сәуірінде сұйық аноды бар жартылай өнеркәсіптік қондырғы шығарылады (Р-1 ионды фильтрі). 2003 жылдың мамырында Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатында сынамадан сәтті өткен жартылай өнеркәсіптік қондырғы В-1 ионды фильтрі іске қосылады. 2003 жылдың қыркүйегінде «өнеркәсіп газдарын тазалау бойынша Борисенко қондырғысы» ресми атауына ие болған тәжірибелік-өнеркәсіптік модуль тәмамдалады...

2003 жылдың қазанында Борисенко және оның серіктестері сараптау комиссиясына нәтижесінде таза күкірт пен су алынған күкіртті газды қалпына келтіру бойынша тәжірибенің қорытындысын ұсынды. Газ генераторына төрт пайыздық мөлшердегі күкіртті газдың 25 «текшесіне» тең келетін 150 грамм таза күкірт толтырылады – бұл эксперимент қатысушыларының барлығын уландыруға жетерлік мөлшер. Екі сағат бойы тәжірибе қатысушылары жабық бөлмеде отырып, қондырғының жұмысын бақылады. Нәтиже күткеннің бәрінен асып түсті: 100 грамм күкірт қалдықсыз жанып кетіп, ал күкіртті газ толықтай бейтараптандырылды.

Кейіннен эксперимент арнайы іссапарға жіберілген «Қазақмыс» Корпорациясы» АҚ металлургия бойынша Бас ғылыми маманы, техникалық ғылымдарының докторы Игорь Лидің көзінше қайталанды. (Инвесторларды тартқан сол кездегі Қарағанды облысының әкімі Қамалтин Мұхамеджанов болатын. Ол қондырғының кемел келешегін байқаған алғашқылардың бірі болып, А.Борисенконың қызметіне қолайлы шарт жасай алды.)

Эксперименттің адалдығына көз жеткізу үшін Ли мырза кенеттен күкірт жануын қондырғының өшіп тұрған уақытында бақылауды қалайтынын айтты. Екі минут өтпестен, цехтың іші улы күкіртті газға толып, тәжірибе қатысушылары асығып сыртқа шығып кетеді. Кейін осындай шығарылымдарға еті үйренген «Қазақмыс» өкілі эксперименттің шынайылығын растайды!

2004 жылдың маусымында Жезқазғанда «Қазақмыс Корпорациясы» ЖЭО А. Борисенко қондырғысының жартылай өнеркәсіптік модулі толыққанды алаңдағы сынамадан өтті. Агрегат үш тәулік ішінде «Абсолют-Қазақстан» ЖШС шеберлерімен жинақталып, бір тәулікке жуық ерекше сақтық жағдайында Қарағандыдан Жезқазғанға дейін жеткізіледі. Ал оны ЖЭО орнату үшін бір қабырғаны бөлшектеуге тура келді...

Қондырғы бір жарым ай бойы тоқтаусыз жұмыс істеп, сағатына 60 мың текше метр көлемдегі көмір электр станциясының шығарылған газдарын өңдеді. Сонымен бірге ең төменгі мөлшердегі энергия 400 Ватт жұмсалған еді. Осы уақытта қондырғыны Корпорацияның Орталық зауыт лабораториясы мен Қарағанды облысының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары бақылап отырды. Күнделікті өлшеулер нәтижелері бойынша келесі мәліметтер алынды. Ауаны шаң тәрізді және аэрозоль қоспаларынан тазарту деңгейі 99, 95 пайызды құрды. СО2-ден тазарту деңгейі 90 пайызға жетті.

Ешбір өнеркәсіптік фильтр осындай нәтижеге қол жеткізіп көрмеген!

Сонымен қатар Борисенко қондырғысы экологиялық әрі аз шығынды бола тұра, ол өнеркәсіптік шығарылымдарды қойылтып, жоғары тазалықты материалдарға өңдей алады – күкірт, уретанды қоспалар және жоғары температу жағдайындағы жұмыста қолданылатын атомарлық жиіліктегі көміртек (ғарыш зымырантасығышатырынң шүмектерін осы метариалдан жасайды).

Бәрі дәлелденді және шешілген сияқтя. Алайда Борисенко қондырғысын қайта-қайта жетілдіріп, жаңа комиссияларды жинап, кезекті сынамадан өтуді талап етеді. Сонымен бірге кәсіпкерлігін жалғастырып, тапқан табысын қондырғыға жұмсайды.

2003 жылы өнертапқыштың Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен тарихи кездесуі өтеді. Елбасы жоба құжатымен жеке өзі танысып, Преьмьер-министрге Борисенкоға толыққанды қолдау көрсетуді тапсырады.

«Егер біз осыны өрістетсек, бұл ғылыми-техникалық жаңалық бүкіл әлемге жайылып, Қазақстанның даңқын шығарады. Мен қадағалаймын... , Іске кіріс!» - осы сөздермен Нұрсұлтан Әбішұлы қарағандылық өнертапқышқа қолдау көрсететінін білдірді.

Жоба сол кездегі Инновациялық қорға жіберіліп, қондырғы өнеркәсіптік үлгі дәрежесіне жеткізіледі. Осы кезде қазақстандық өнертабыс туралы ақпарат күллі әлемге тарап үлгереді. Батыста Борисенко ғалымға қызығушылық туады.

«Бұл Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін нағыз төңкеріс. Бұл қондырғы тозбайды, бірегейлігі осында жатыр. Сыртқы қарапайымдылығына қарамастан, агрегаттың ішінде өте күрделі үдерістер жүріп жатады. Электр химиялық реакциясы нәтижесінде ауа тазарып, сонымен бірге құнды өнімдер сақталып, оларды кейіннен қайта қолдануға болады. Меніңше, бұл фильтр Еропада өте өзекті болмақ, өйткені, біздерде экологиялық нормативтер жоғары. Жеке өзім осы технологияны Германияда енгізуге ниеттімін», - деді SYNCO неміс компаниясының техникалық директоры Зигфрид Киви.

Борисенко қондырғысын ұзақ уақыт бойы мойындамаған ресейліктер болып шықты. Александр Борисенконың айтуынша, қондырғы жұмысының тиімділігіне қатысты скептикалық бағаларын, тіпті, «Роскосмос» жоғары білікті әрі білімді өкілдері де берген екен. Бірақ 2004 жылы ол ресейлік Ломоносов орденімен марапатталып, Халықаралық инженерлік академияның мүше-корреспонденті болып сайланады.

Сол жылы мемлекеттік сараптау комиссиясы жобаның толық ауқымды өнеркәсіптік жүзеге асырылуы Қазақстанның негізгі стратегиялық құжаттарына сай келетін өнеркәсіп технологияларының дамуы мен өндірістің энергетикалық тиімділігін жоғарылату ісіне үлес қосатыны туралы ресми қорытындыны шығарады.

«Борисенко ғылыми тұрғыдан негізделмеген алайда тәжірибе жүзінде көрнекі нәтиже берген түйткілдің шешімін тапты. Егер адам өз қаржысын осындай экологиялық тиімді жобаға құйса, демек, ол мемлекетүшін маңызы бар дүние жасап отырғанына сенімді», - дейді бұрыңғы білімжәне ғылым министрі, математика ғылымдарыны докторы, сенатор Бақытжан Жұмағұлов.

Борисенко қондырғысын әлемнің 60 елінде патенттеп, ол қазақстандық инженерлік брендке айналып отыр. Алайда Борисенко жобасы өндірістің өнеркәсіптік деңгейіне шығу болашағы әлі де белгісіз. Жаһандық экономикалық дағдарыс пен даму институттары жүйесінің қайта-қайта құрылымдауы өз түзетулерін енгізіп келеді.

Сонда да 2013 жылдың желтоқсанында Индустриализация күні өткізілген ұлттық телекөпір барысында Елбасы өнертапқышты еске түсіріп, оны Бил Гейтске теңеп, қарағандылық ғалымның инновациялырдың дамуына қосқан ауқымды үлесін ерекше атап өтті.

EXPO 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Борисенко қондырғысына жаңа өмір сыйлайды. Осынау мәртебелі алаңда өткен өнертабыстың таныстырылымы инвесторлардың күмәнін сейілтті. Енді іс жүзіндегі қадамдарды жасау керек...

 

 

 

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017