Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Отын… су мен ауадан алынады ма?

Болашақ энергиясы - EXPO 2017 идеясына күмәнмен қарағандардың барлығына Ресей ғалымдары көрнекі мысал келтірді

Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімінің «Ғылым және Сібір» басылымы хабарлағандай, Боресков атындағы Катализ институтының (Новосібір) зерттеушілері атмосфералық көмірқышқыл газын синтетикалық газ отынына өңдеу технологиясын әзірледі.

«Новосібір ғалымдары таныстырған идеясының ерекшелігі көмірқышқыл газын көміртек отыны арқылы жұмыс істейтін жылу электр станцияларының түтінінен емес, тікелей ауадан алу ұсынылады», - делінген хабарламада.

Бірінші кезеңде электролиздің көмегімен судан сутек пен оттегі алынады. Оттегі атмосфераға жіберіліп, сутек жоғары температурада катализатордың көмегімен көмірқышқыл газымен әрекеттесіп, нәтижесінде метан шығарылады.

Көмірқышқыл газын ауадан жинау үшін новосібір химиктері аллюминий оксиді негізіндегі кеуекті тасушыны калий карбонатымен шылқытып, алынған сорбент газды сорғыш секілді сіңіреді.

Содан соң материал қызып, электролиз барысында сутекпен араласатын көмірқышқыл газды беріп, ол никель немесе рутений - катализаторы орналасқан реакторға жіберіледі.

«Біз әзірлеп шығарған материалымыз басқалармен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсетті. РҰҚ грант бөлген жұмысымыздың жаңашылдығы туралы сөз қозғасақ, калий карбонатының ауадағы көмірқышқыл газымен әрекеттесуі бұрыннан белгілі. Калия карбонаты негізіндегі сорбент те бізге дейін зерттелген. Алайда осы материалдарды қолдана отырып, ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп алу тәжірибеде болып көрмеген», - дейді Катализ институтының ғылыми қызметкері Жанна Веселовская.

Оның айтуынша, материалды әлі оңтайландыру қажет, өйткені, ол 300 градусов Цельсий температура кезінде ғана көмірқышқыл газын шығарады. Ал оны төмедткен жағдайда, шығын да азаяды.

Алынған өнімді бөлмелерді жылытуда немесе көлікке арналған отын ретінде пайдалануға болады.

«»Технология баламалы энергия көздерінен қуат алатын электр генераторы орналасқан жерде метан өндіруге мүмкіндік береді. Бұл отынды жеткізу үшін қиындық тудыратын жер, қашық орналасқан аудандар үшін тиімді», - делінген хабарламада.

Сібір ғалымдары зерттеуінің нәтижесі EXPO 2017 көрмесі барысында белгілі болып, бұл бейкарбонсыз экономика – жуырдағы болашақтың еншісінде екендігін дәлелдеп отыр.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017