Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / 2050 жылға қарай Қазақстандағы энергетика саласындағы ЖЭК үлесі 50% жетеді

Бұл туралы Қазақстанның жасыл энергетика қауымдастығының Бас директоры Арман Қашқынбаев LSэкономикалық басылымына берген сұхбатында мәлімдеді

"Қағаздар бойынша, яғни девелоперден түскен сұранымдардан тұратын Энергетика министрлігінің тізіміне сай, жоспар 3% орындалуда. Алайда іс жүзінде мұндай көрсеткіштің жоқтың қасы. Аукциондық жүйеге өту бойынша тиімді ережелер жасаудың реттейтін заңнаманың тұрақтылығы, ұлттық валюта теңгенің девальвациялық тәуекелі, теңге жүзіндегі кеңауқымды қаржыландырудың әрі шағын генерациялық қолдаудың жоқтығы", - деді ол.

Салалық қауымдастықтың басшысы хабарлағандай, Қазақстан –жаңғыртылатын энергетикасының әлеуеті зор әлемдегі аумағы бойынша тоғызыншы ел.

"Бізде күн, жел, су және биоэнергияда әлеуетіміз зор. XXI ғасырда олар елімізде жұмыс істей бастауы керек", - деді Қашқынбаев.

Оның айтуынша, ЖЭК орнату үшін шетелдік және отандық жеке компаниялардың инвестициялары қажет.

"Бұл саланы одан бетер ұзақмерзімді тұрақты әрі экономикалық тиімді етпек. Ол үшін біздің қауымдастығымыз ұсынып отырған ЭКСПО көрмесінен кейінгі шараларды қолға алу керек", - деп түсіндірді Қашқынбаев.

Спикердің пайымынша, бұл үшін саладағы өзіндік саясатын жүргізетін тәуелсіз «жасыл» энергетика агенттігін құру әрі саланы дамытатын мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу керек.

"Саланың басты мәселелері, олардың жауапты органдар мен ұлттық компаниялардың ұсынған шешімі көрсетілетін бөлімдерден тұратын жұмыс жоспары қажет. Сонымен қатар инвестиция тарту сауалдарын шеші керек ", - деді Қашқынбаев.

Ал Энергетика министрлігінің мәліметінше, ЭКСПО-2017 нәтижесінде бизнес, мемлекет және өзге де салалардың өкілдерінен сараптау жұмыс тобы құрылған. Топ 24 елдің павильонында таныстырылған әртүрлі бағыттардағы, соның ішінде электр энергетикасы және атом, экология, мұнай және газ секілді салалар бойынша Қазақстанда енгізуге технологиялық әрі сауда тұрғысынан әлеуеті зор 105 жобаны іріктеп алды. Қазіргі уақытта осы идеяларды елімізде енгізуден бұрын оларды егжей-тегжейлі зерттеу жүргізілуде.

Энергетика министрлігі көрсеткендей, ЭКСПО-2017 аясында Қазақстандағы ЖЭК саласының дамуы бойынша алуан түрлі келісімдер жасалды. Сөйтіп, ЕҚДБ және Энергетика министрлігі арасында өзара түсіністік пен ЖЭК жобаларын қолдау туралы меморандумға қол қойылып, Қазақстандағы ЖЭК жобаларына 0 млн бөлініп, өзге де қаржы ұйымдарынан 0 млн қаржы тартылмақ.

Сондай-ақ ENI, General Electric компанияларымен жел энергетикасы саласындағы жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қазақстан ЕҚДБ атынан Жамбыл облысында "Бурное Солар" күн электр станциясының құрылысына қаржыландыруға ие болды. Ақмола облысында қуаттылығы 50 МВт КЭС "Байқоңыр Солар" және "Астана EXPO-2017" жел электр станциясына несие беру туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ елдің жел энергетикасына қытайлық Sany Group корпорациясы үлес қосып, "Жерұйық Энерго" компаниясымен бірлесіп Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданыдағы Шелек дәлізінде ЖЭС салады.

Сонымен бірге Қазақстанның ЖЭК саласындағы жобаларын жүзеге асыру үшін Сауд Арабиясының ACWA Power ірі компаниясын тартылып отыр.

Өз кезегінде Ұлттық ядролық орталық пен ITER (International Thermonuclear Experimental Reactor) халықаралық ұйымы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ал Австриялық технологиялар институты мен финдік KaukoInternational Group компаниясы «жасыл» технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморанду жасасты. Сондай-ақ Астана, Алматы облысының әкімдіктері және "Оператор РОП" пен Қазақстанның Экологиялық ұйымдарының қауымдастығы бірге қызмет жасауға келісті.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, елдегі ЖЭК дамуына әлемнің "Аква Пауэр", "Шелл", "Эни-Аджип", "Дженерал Электрик" секілді және Қытайдың ірі компаниялары тартылмақшы. Оның сөзіне қарасақ, күн мен жел энергиясының қазіргі қымбаттылығына қарамастан, бағалар барған барған сайын төмендеп, ал сұраныс өсі келеді.

"Мысалы, күн энергетикасы – киловатт-сағаттың құны 34 теңге болған, бұл 10 америкалық цент. Біз үшін бұл қымбат көрінеді. Әлбетте, бұл өзіндік құн инвестицияларды қайтару қажеттілігі, жабдықтардың тозуынан құрылып, ал бұл жабдық Қазақстанда аз шығарылатыны тағы бар. Сондай-ақ осы жобаларды тарту үшін жұмсалатын қаржыны ескеру керек. Алайда өзіміз көріп отырғанымыздай, соңғы бір-бір жарым жыл ішінде Чили, Мексика, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, т.б. елдерде аукциондар өткізіліп жатыр. Аукциондар көрсеткендей, бағаны түсіруге бағытталған сауда нәтижесінде осы аукциондарға ірі компаниялар келеді. Электр энергиясына орташа есептегі баға екі жарым цент болып шығады. Яғни, осыдан екі жыл бұрын баға 4-5 цент құрса, бүгінде, мысалы, Әбу-Дабиде өткен соңғы аукционда 2,5 цент болды. Сол секілді Қазақстан да осы жолмен келе жатыр. Президент «Электр энергетикасы туралы» және «Жаңғыртылатын энергия көздерін қолдау туралы» заңдарға өзгертулерге қол қойып, енді бұл жерде аукциондық жүйені енгізу қарастырылған", - деді министр энергетиканың өзгеруі мәселелеріне арналған конференцияда.

Ол айтқандай, Қазақстан «жасыл» экономикаға өту қажеттілігін жете түсінді.

"Біз Париждік келісім аясында ауа-райының өзгеруіне байланысты түйткілдері бойынша жаһандық бастамаларға қатысып отырмыз. Келісімді орындау мақсатында еліміз ұлттық деңгейде 2030 жылға қарай зиянды заттардың шығарылу көлемін 1990 жылмен салыстырғанда 15% төмендетуді көздеуде. ЖКҚ және ЕҚДБ қолдауының арқасында жаңғыртылатын энергия көздеріне инвестицяларды үдете түсуді және еліміздің «жасыл» экономикаға өту стратегиясын жүзеге асырамыз деп үміт артамыз", - деп қорытындылады Қанат Бозымбаев.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017