Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / ЭКСПО-2017 ұйымдастырушылары ЭКСПО-2020 өклдерімен Халықаралық көрмені ұйымдастыру тәжірбиесімен бөлісті

Қазақстан делегациясы Дубай ЭКСПО-2020 көрмесіне орай ұйымдастырылған халықаралық қатысушылар жиналысына (IPM) қатысты.

Тура үш жылдан соң, 2020 жылдың 20-қазанын бастап, 2021 жылдың   10-сәуіріне дейінгі аралықта Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі шаһары - Дубай қаласында ЭКСПО-2020 Дүниежүзілік көрмесі басталады.

Дубай ЭКСПО-2020 ұйымдастырушылары қазан айының 19-20 аралығында 180 елден келген делегаттардың басын қосып, көрмеге дайындық барысын талқылады. Қазақстаннан келген делегаттарға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов жетекшілік етті.

«Қазақстан үшін ЭКСПО-2020 көрмесіне қатысу - тек өз жетістіктерімізді көрсету үшін керемет мүмкіндік қана, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жетілдіруге арналған бағыттардың бірі болып табылады. Біз өткізген ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбы Дубай ЭКСПО-2020 көрмесінің «Болашақ үшін сана-сезімді біріктіру» атты тақырыбымен ұштасады. Астана қаласында таныстырылған инновациялық әзірлемелер мен жаңа идеялар дамыған кейіпте ЭКСПО-2020 көрмесінде орын табады деп сенеміз», - деді Ахметжан Есімов.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен «Дубай ЭКСПО-2020» бюросы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру аясында «Дубай ЭКСПО-2020» бюросы Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесі барысында бірнеше рет келген болатын.

 

«Астана ЭКСПО-2017» ұйымдастырушыларына алған тәжірибеміз үшін алғысымызды білдіреміз. Дубай ЭКСПО-2020 Ұйымдастыру комитеті ЭКСПО ұйымдастыру мен өткізудің барлық кезеңдерін басынан бастап, аяғына дейін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Біздің департаменттеріміздің өкілдері Көрменің қауіпсіздігі мен нысандарды күзету, жедел басқару, IT-жүйелерімен қамтамасыз ету және т.б мәселелерін зерттеп келді.Бұл тәжірибе біздің жобамыздың сәтті жүзеге асырылуына ықпал ететін болады», - деді БАӘ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік министрі, әрі «EXPO-2020 DUBAI» бюросының Бас директоры Рим Ибрахим аль-Хашеми.

Ал, Халықаралық көрмелер бюросы Бас хатшысының орынбасары Димитрий Керкензес өз сөзінде былай деді: «Дубай 2020 бүкіләлемдік көрмесі халықаралық қоғамдастыққа айтарлықтай ауқымды тақырыпты талқылауды ұсынып отыр. Әрине, планетаның тұрақты дамуы, оның ішінде баламалы энергетика аясында даму тақырыбы өз жалғасын табады. Бұл ЭКСПО тақырыптарының өзара сабақтасатынын және өзекті екенін көрсетуді. Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесінде өз әзірлемелерін ұсынған халықаралық қатысушылар аталған тақырыпты Дубайда өтетін ЭКСПО-2020 көрмесінде ары қарай дамыта алады».

IPM аясында ЭКСПО-2020 қатысушы-мемлекеттерін, көрме демеушілері мен серіктестері, сондай-ақ ExpoLiveImpactInnovation грантының жеңімпаздары арасында бірқатар панельдік пікірталастар өтті. Екі күндік іс-шара барысында халықаралық қатысушылар ЭКСПО-2020 нысандары дайындығының егжей-тегжейімен, тақырыбы мен мұра ерекшеліктерімен танысуға, сондай-ақ Көрменің құрылыс алаңына баруға мүмкіндік алды.

ЭКСПО-2020 басты тақырыбы - «Болашақ үшін сана-сезімді біріктіру» (Connecting Minds, Creating the Future). Таяу Шығыс, Африка және Оңтүстік Азия аумағында алғаш рет өтетін Дүниежүзілік көрме әлем мен прогрестің өзара байланысына арналады. Айта кетерлігі, Дубайда өтетін ЭКСПО көрмесінде «Мүмкіндіктер», «Мобильділік» және «Тұрақты даму» атты үш тақырыптық павильон ұсынылады.

JebelAli ауданында орналасатын Дубай ЭКСПО-2020 көрме кешенінің жалпы аумағы 438 гектарды құрайды. ЭКСПО-2020 аяқталғаннан кейін, көрме кешені зерттеу орталығы мен университет ретінде жұмыс істейтіе болады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша ЭКСПО-2017 аумағында «Болашақ энергиясы» мұражайы, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобаларды дамытудың халықаралық орталығы», сондай-ақ «IT-Startups» халықаралық технопаркі құрылатын болады.

Астана ЭКСПО-2017 көрмесі туралы

«Болашақ энергиясы» атты ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі Қазақстанның елордасы - Астанада 1.06.2017-10.09.2017 аралығында өткізілді. Ол 93 күнге созылып, биылғы жылдың ең көрнекті мәдени орындарының біріне айналды. Көрмеге әлемнің 115 мемлекеті және 22 халықаралық ұйымы қатысты.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017