Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Қостанайда жел электр станциясын салу үшін қосарлас инвестор іздестірілуде

Жоба Қостанай облысындағы жел электр станциясның (ЖЭС) алғашқы кезегін салуды шамалауда. Стартап туралы ақпарат startupnetwork.kz ресурсында жарияланған болатын.

Жел паркі 50 жел генераторынан тұрып, оның әрқайсысы сағатына 2000 кВт. өндіреді. ЖЭС шамаланған кірісі – жылына 30 млн. 618 доллар. Жоба құны 200 млн. доллар.

Қазіргі таңда экономикалық негіздемесі әзірленген. Барлық жобаалды келісімдер мен ізденістер жасалған: жел қозғалысы күшінің әлеуеті бойынша талдау аяқталып, 100 МВт ЖЭС құрылысына арналған жер учаскесін бөлу туралы келісім жасалды (30 гектар рәсімдеу үшін ақша қажет), ЖЭС электр желілеріне қосылу туралы негізгі келісім алынған, құрылыстың бизнес-жоспары әзірленген. Жоба ҚР Энергетика министрлігімен мақұлданған.

Жоба капиталды қажет етеді. «GKM Company» ЖШС бастамашы-компаниясының өз активтері жоқ, бірақ жобаның маңыздылығына байланысты билік пен мемлекет тарапынан қолдауға ие.

Осыған дейін жарияланғандай, құрылыс басталғаннан кейін компанияға бес жылға дейінгі салықтық демалыс беріледі.

Мемлекет тарапынан жаңғыртылатын энергия көздерін жобалау, монтаж, орнату және пайдаланудыды іске асыратын заңды тұлғаға «Жаңғыртылатын энергия көздеріне қолдау бойынша есептеу-қаржылық орталығы» ЖШС қолдау көрсетеді.

Есептеу-қаржылық орталығы заң бойынша Қазақстан Республикасының электр энергетикалық жүйесіне жеткізілетін энергетика өндіруші ұйымдардың жаңғыртылатын энергия көздерін қолданып шығаратын энергиясын сатып алуға міндетті.

Басты инвестормен жасалған келісім бар (жарияламау туралы меморандумға және 200 млн доллар көлеміндегі қаржыны жобаға құю туралы келісімге қол қойылды). Алайда «GKM Company» ЖШС үшін бұл жоба ірі және стартап капиталды қажет етеді, ал компанияның өз активтері болмағандығынан, ол банк кепілдемесін ұсына алмай, ол үшін Еуропада бенефициар фирманы ашып, осыған байланысты бірқатар қызметті төлеуге тиіс.

Осылайша, инвестициялардың нысаналы мақсаты – жер учаскесін рәсімдеу бойынша шығын, Еуропадағы фирманы ашу, жоба бойынша құжаттарға төлеу.

Инвестордың пайдасы: жобаның негізгі инвестициясынан пайыз алу (еске салсақ, жобаның жалпы құны 200 млн доллар).

Толығырақ: https://startupnetwork.kz/startups/stroitelstvo-ves-na-100-mvt-14507.html

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017