Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / EXPO 2017 туристерді қайтадан қарсы алуда

EXPO 2017 халықаралық көрмесінің туристік аймағы нысандарының өткізу қабілеті туралы жарияланған мәліметтер туризм дамуының әлеуетін елестетуге мүмкіндік береді

8 млн 876 мың келушіні қарсы алған Қазақстанның ұлттық павильоны «Нұр Әлем» көш бастап келе жатқаны сөзсіз.

Өткізу қабілеті бойынша екінші орында тұрған Үздік тәжірибелер аймағы жылына 1 млн. 902 мың келушіні қабылдай алады.

Болашақ энергиясына арналған №2 тақырыптық павильон мен «Атом энергиясының әлемі» экпозициясы бар №1 тақырыптық павильон 523 050 адамды қарсы алуға дайын.

Шығармашылық энергия орталығы (Арт-орталығы) жылына 126 800 туристің келуіне шамаланған.

Еске салсақ, ЭКСПО-2017 арқасында Астана ресейлік, қытайлық және неміс туристері арасында ТМД ішіндегі ең танымал қала болып танылды. EXPO 2017 өткізілген үш айдың ішінде астанаға 5,4 млн. адам келген. Көрменің өзіне 3,977 млн. адам барды.

Көрме барысы отандық туризмнің қарқынды дамуына түрткі салған. EXPO 2017 өткізілген кезеңнің өзінде туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 78% (2016 жылдың діл осы кезең аралығымен салыстырғанда) өсті. Осы уақыт аралығында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы туристік компаниялармен турпакет құрамындағы 187,5 мың билеттің сатылымы туралы 13 келісімге қол қойды. Сонымен бірге, іс жүзінде 275 мыңнан астам турпакет сатылған болатын.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017