Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / EXPO 2017 экономикалық тиімділігі – бұл тек қана бюджетке түскен тікелей кіріс қана емес

Айқын табыстан бөлек, EXPO 2017 қосымша әсерлердің қалыптасу үдерісін қамтамасыз етті. Мұндай қорытындыға ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов келген болатын.

Сарапшының пайымынша, ел экономикасындағы осы үдерістер көрмеге дейін басталды.

«Бұл ықпал көрмеге дейін басталды. Бұл барлық павильондар құрылысымен бірге басталды. Яғни, біздің құрылыс компанияларымызға, құрылыс материалдарын шығаратын компаниялар үшін тапсырыстар, жұмыс, мердігерлікьтер түсе бастады. Сондай-ақ қосымша эффектілер ретінде туристер ағымы, соның ішінде ішкі туризм арта түсті. Осыған дейін сан мәрте айтылған астаналық қызмет көрсету, көлік, т.б. Алалардағы жұмыстың артуы. Бұл қалалық және республикалық бюджеттің көлемін ұлғайтқан салықтар» - деді Вячеслав Додонов республикалық телеарналардың біріне берген сұхбатында.

Сарапшылының пайымынша, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аяқталуы сол жерде талқыланған қағидаларды – жасыл экономика аясындағы тұрақты әрі үйлесімді даму, жасыл технологиялар мен жасыл энергетиканы Қазақстанда енгізу мәселесін көтеріп отыр.

«Қазақстан бірқатар халықаралық бастамаларды ұсынып (соның ішінде «Жасыл көпір» экологиялық бастамасы), әрі ЭКСПО-2017 күн тәртібіне болашақ энергетиканы дамыту сауалын қойып, жасыл экономикалық даму стратегиясының жемісті жетістіктерін көрсете алу мүмкіндігіне ие.

Бұл мүмкіндік Қазақстанның болашақ энергетиканың бай ресурстық базасы, ЖЭК электр энергиясын түрлендірудің кең әлеуетімен нығайып отыр», дейді сарапшы.

Сонымен бірге, ғалымның пікірінше, Қазақстан үшін, әсіресе, оның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне сай, ЖЭК барлық түрлері өзектіліке ие емес, келешегі зор күн, жел және гидроэнергетиканы атауға болады.

«2014 жылы шыққан «2030 жылға дейінгі Отын-энергетикалық кешеннің даму тұжырымдамасында» көрсетілген бағалауға сай, орташа және ірі өзендердің гидроәлеуеті жылына 55 млрд кВт/сағ болса, шағын өзендер - 7,6 млрд кВт/сағ. Күн энергиясының әлеуеті, есеп бойынша, жылына 2,5 млрд кВт/сағ. жуықтаса, жыл бойғы күн сағаттары 8760 ішінен 2200—3000 бағаланып отыр. Жел әлеуеті жылына 1820 млрд кВт/сағ жетіп отыр. Осылайша, электр энергиясын өндіру бойынша ЖЭК жалпы әлеуеті 1 885 млрд кВт/сағ., ал жылу әлеуеті — 4,3 ГВт.

Қазіргі таңда Қазақстандағы осы түрлердің энергетикалық станцияларының генерация көлемі айтарлықтай көп емес. 2016 жылғы қорытынды бойынша күн мен жел электр станцияларының өндіріс көлемі 320 млн кВт/сағ құрап, жалпы электр энергиясы шығарылымының 94 077 млн кВт/сағ - 0,3% көрсеткішіне сай. Гидроэнергетика үлесі 12,3% (11 606 млн кВт/сағ), яғни, барлық ЖЭК жалпы генерация былтыр 11 926 млн кВт/сағ. жетіп, немесе өндңрңлген энергияның 12,6% көрсеткішіне ие. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен жоғары (10,4%), сонымен бірге күн мен жел электрстанцияларында электр қуатының өндірісі біршама өсіп, 105% жетті. Қазіргі уақытта республикада жалпы қуаттылығы 288,3 МВт (ГЭС — 139,8, ЖЭС — 90,8, КЭС — 57,3, биогаз қондырғысы — 0,35) құрайтын қолданыстағы 50 ЖЭК нысаны бар» - дейді сарапшы.

Ғалым көрсеткендей, елдің энергетикалық теңгерімінде энергияны өндіру бойынша басымдық танытып отыратын жылу электр станциялары болып қалуда. Ал «Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасында» 2050 жылға қарай жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесін 30−50% жеткізу көзделген.

Жел және күн элект станцияларының арқасында 2020 жылға қарай энергия өндірісіндегі үлесті 3%, ал 2030 жылға қарай 10% дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сарапшының пайымынша, арадағы екі-үш жылда қарқынды өсімнің болуы мүмкін емес, сондықтан негізгі назарды гидроэлектрстанцияларына бөлу керектігін алға тартады.

«Алайда жалпы Қазақстандағы жаңғыртылатын энергетика дамуының болашағы зор, әсіресе, жел мен күн ресурстық әлеуетті ескерсек, әрі жасыл энергетика технологияларының прогресі мен соған арналған жабдық құнының төмендеуі факторларын алғанда, шығарылатын энергияның да бағасы төмендеп, оның дістүрлі қуат жеткізушілеріне қатысты бәсекеге қабелеттілігін жоғарылата түседі. Осыған орай, Қазақстанда жасыл экономика, энергетика элементтері уақыт өте келе енгізіліп отырмақ, соның ішінде ЭКСПО-2017 ұсынылған технологиялар да кеңінен тарайды деген қорытынды шығаруға болады», - дейді сарапшы.

 

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017