Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / EXPO 2017 сұранысқа ие болмақ

EXPO 2017 туристік аймағының ашылу қарсаңында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов нысандардың көрмеден кейінгі қолданысы жайлы айтып берді.

Тұсаукесерге Астана қ. әкімі Әсет Исекешев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және өзге ле ресми тұлғалар қатысты. Компания басшысы харлағандай, 11 және 12 қараша EXPO- 2017 көрме кешенінің туристік аймағының аумағына кіру тегін болмақ. Астана қонақтары мен тұрғындары үшін «Нұр Әлем» Ұлттық павильоны, Үздік тәжірибелер аймағы, тақырыптық павильондар мен Арт-орталығы ашыларын болады. А.С. Есімов ЭКСПО-2017 өзге де нысандарының болашағы жайлы әңгімеледі.

«Қазіргі уақытта елдер өз нысандарын бөлшектеуді бітіруге жақын, содан соң біз оларды қалпына келтіруге кірісеміз. Бірінші, С-3, С-4 павильондарында орналасатын Халықаралық қаржы орталығы. Біз АХҚО тарапынан жобалық тапсырманы алып, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірістік. С-2 павильонында көрме кешені орналасады. Бұл жер әртүрлі көрмелер, халықаралық және отандық экспозицияларға арналған алаң ретінде қолданылады. Жобалау үшін тапсырманы әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Осы міндетті атқару үшін «Атамекен» ҰКП тартылған», - деп хабарлады Басқарма Төрағасы.

А.С. Есімовтың айтуынша, EXPO аумағында «Назарбаев Университетінің» қатысуымен жұмыс үлгісі жасалған білім беру-кәсіби бағдарлау орталығы құрылады.

«Мұндай орталықтар көптеген дамыған елдерде қызмет атқарып, өз тиімділігін дәлелдеп келеді. Ерте кезеңде анықталған маңызды мамандықтар адам үшін болашақта өз жемісін әкеледі. Бүгінде бұл білім беру, фокус және өмірге қанағаттылық бойынша әлемдік трендке айналып отыр. Бұл өңіріміздегі осындай алғашқы орталық болмақ. Қазіргі уақытта Назарбаев Университетімен бірлесіп оның тұжырымдамасы әзірленуде», - деп түсіндірді ЭКСПО-2017 компаниясының басшысы.

Сонымен қатар ЭКСПО-2017 аумағында Халықаралық IT-стартаптар технопаркі құрылмақшы. Ол осы саланың дамуын қамтамасыз ететін ұлттық базасына айналмақ. Логистикалық орталық бұрынғыдай жұмысын жалғастырса, Медиа-орталық (Коммуникациялар орталығы) БАҚ беріледі.

«Коммуникациялар орталығы жетекші БАҚ жайғасатын орнына айналады, өйткені, ол қажетті инфрақұрылымға ие әрі ЭКСПО барысында өзін тиімді жағынан көрсетті», - деп мәлімдеді Ахметжан Есімов. «Астана ЭКСПО-2017» басшысының пайымынша, барлық нысандар бірегей әрі сұранысқа ие болары сөзсіз. Көрме аумағы республиканың игілігіне айналып, Қазақстанның жаңа іскерлік және туристік орталығына айналады.

Еске салсақ, 11 және 12 қараша күндері EXPO- 2017 көрме кешеніндегі туристік аймағының аумағына кіру тегін болмақ. «Нұр Әлем» Ұлттық павильоны, Үздік тәжірибелер аймағы, тақырыптық павильондар мен Арт-орталығы ашылады.

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017