Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / EXPO 2017 туристік аймағы қонақтарын қарыс алуда

Көрме ашылғаннан бір сағаттың ішінде «НұрӘлем» сферасына екі мыңнан астам адам келді

«НұрӘлем», Арт-орталығы, тақырыптық павильондар мен Үздік тәжірибелер аймағының ашылуы әуел баста желтоқсанның басына жоспарланып отырған. Алайда «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы бұл мерзімді қысқарта алды.

«Басында біз ашылуды 1 желтоқсанға жоспарлап едік, бірақ дайын екенімізді көріп, ашылуды 11 қарашаға ауыстырдық», - деді журналистерге қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов.

«Барлық нысандар үлкен қызығушылық туғызып, таңертеңнен бастап әрқайсысына адамдар кезекке тұрып алады. Қазіргі уақытта сфераға екі мыңнан астам келіп, кезекте де тұрғандар көп, біз осыған өте қуаныштымыз», - деп көрсетті ресми ашылудан кейін Контент және шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров.

Айта кетсек, жылыту жүйесіне әуел бастан қосылған нысанның құрылысына тапсырыс берген «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ нысанды қыс кезінде пайдалануды ескеріп, осы мәселені техникалық-экономикалық негіздемеде көрсеткен болатын. Архитектуралық шешім мен энергияны үнемдеудің жаңашыл әдістерін енгізу арқасында павильондар іші қақаған сауықтың кезінде де жылы болып тұрады.

Осымен жаңалықтар бітпеген. Сфера холында енді электронды гардеробтар пайда болып, мұнда келген әрбір адам ұзақ кезекті күтпей-ақ, өзіне ғана белгілі кодты теріп, киімін тапсырып, қайта ала алады. Алайда, техникаға сене бермейтіндер үшін кәдімгі гардеробтар да қарастырылған.    

Сфераның сегізінші қабатынан қысқы қалаға тамаша көрініс ашылып, болалшақ «мұз қалашығының» аумағын да көріге болады. Бұрынғы амфитеатрдың орнында еліміздің бас шыршасы мен мұз шытырманы орналасатын болады. Өкінішке қарай, бұл нысандар кейінірек пайдалануға беріледі. Себебі - Астанаға тән емес қараша ортасындағы жылы ауа райында жатыр.

«Мұз айдынымен жеке ұйым айнылысып отыр. Олар жер уческесін жалға алып, сол жерде мұзды дайындауда. Ауа райы болжамы ақталмағандықтан, олдардың жоспарлары сәл ғана өзгерген. Жасанды мұзды ашық аспан астында ұстап отыру үшін орташа тәуліктік норма бойынша минус бес градус болу керек. Қазір температура бұдан жоғарырақ, алайда алдағы уақытта күн суытқан кезде мұз орнатылатын болады», - деп көрсетті Сергей Куянов.

Еске салсақ, 11-12 қарашада барлық азаматтар үшін EXPO-2017 аумағына кіру тегін. Билеттерді тек «Нұр Әлем» сферасы, Арт-орталығы, тақырыптық павильондар, Үздік тәжірибелер аймағы және мұз айдынына сатып алу қажет.

ЭКСПО аумағында мейрамханалар мен кафелер желісі қайтадан жұмыс істей бастады.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017