Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Әсет Исекешев: Елордада өткен EXPO-2017 көрмесі астанаға не берді

Астана әкімі ЭКСПО-2017 өткізу нәтижесін оң бағалап отыр. Оның айтуынша, көрме елдің экономикасына пайдалы әсер етті

«EXPO-2017 ашылған күннен бастап осында 4 милионнан астам адам келген – бұл Астана үшін қомақты көрсеткіш. ШЫҰ және ТМД мемлекеттері арасындағы оқиғалық әлеует рейтингісіне сай, Астана осы бірлестіктердің ТОП-5 енді. Қалада инфрақұрылымдық жобалар, әуежайдағы жаңа теримнал ғимараты, жаңа теміржол вокзалы, жаңа 11 көше салынып, жолдың жүздеген шақырымына жөндеу жүргізіліп, 50 шақырым жылу, 25 шақырым электр желілері және басқа да нысандар салынған», - деді Исекешев ЭКСПО-2017 аумағындағы туристік аймақтың ашылуында өткен тұсаукесер салатанатында.

Қала әкімдігі жапы мәдени бағдарлама аясында 600 астам мәдени және спорт шараларын өткізді. Қалада қонақүйлер саны көбейді. Егер 2016 жылы олардың саны 165 болса, 2017 жылы 200 асыа, олардың адамға толуы үш есе өсті. Астанада жүздеген жаңа мейрамханалар мен кафелер ашылды.

«Көптеген жүйелі шаралар қолға алынды. Соның ішінде EXPO басталмас бұрын екі мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылып, бұл қаладағы қылмыс санының азаюына ықпалын тигізгені сөзсіз. Осылайша, 2017 жылдың 8 айы ішінде тіркелген қылмыс саны 20 пайызға төмендеді. Жылдың аяғына дейін тағы 13 мың камера орнатылып, меніңше, бұл да EXPO мұрасының бірі», - деді Астана әкімі.

     Әсет Исекешевтің ойынша, Астананың «Орталық Азия өңірінің туристік астанасына» айналуға барлық мүмкіндіктері бар. Ол үшін әкімдік Астананың 2020 жылға дейін туризм саласы дамуының Жол картасы әзірленді. Бағдарламаның мақсаты – 2020 жылға қарай туристік ағымды 2 миллион туристке дейін жеткізу.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017