Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Демалыс күндері «Нұр Әлем» павильонына тегін баруға болады!

11 және 12 қараша күндері барлық нысандарға бару тегін, билеттер 14 қарашадан бастап сатылымға түседі. Нұр Әлеммен бірге келушілер үшін екі тақырыптық павильон, үздік тәжірибелер аймағы, Шығармашылық энергия орталығы (АРТ-орталығы) және Энергия Холы (мұнда концерттер өткізіледі) ашылмақшы.

EXPO 2017 аптасына алты күн істеп, дүйсенбі демалыс болып саналады. Жұмыс күндері ЭКСПО сағат 10.00 бастап 20.00 дейін, ал демалыста – 10.00 бастап 21.00 дейін істейтін болады.

«Нұр Әлем» қазақстандық ұлттық павильонға кіру билеті 1500 теңге. Оқушылар мен зейнеткерлерге жеңілдігі бар билеттер қарастырылып, олар 500 теңге тұрса, студенттер үшін 800 теңге. Алты жасқа толмаған балалар үшін EXPO 2017 нысандарына кіру тегін.

Тұрақты пайдаланудың алғашқы үш сағаты – тегін, одан кейінгі әр сағаты 100 теңге болмақ.

Енді EXPO 2017 қонақтарында Нұр Әлем және тақырыптық павильондардың экспозицияларын асықпай аралау мүмкіндігі болады. Айта кетсек, павильондарда сіздерді тосынсыйлар күтуде: экспозиция виртуалды шынайылықтың жаңа үлгісімен толықтырылған. Бұған дейін бұл технология ұсынылмаған.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017