Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / «Астана ЭКСПО-2017» туристік аймағына алғаш екі күн ішінде 18 мың адам келді

«Астана ЭКСПО-2017» туристік аймағына алғаш екі күн ішінде 18 мың, соның ішінде 11 қарашада – 7 мыңнан аса, 12 қарашада – 11 мыңға жуық адам келді.

Халықаралық мамандандырылған көрме аяқталғаннан кейін екі ай өткеннен соң «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы қазір Болашақ энергиясының мұражайы болып табылатын «Нұр Әлем» павильоны, әлемдегі 13 елдің жаңғырмалы энергия көздері саласындағы ең үздік 24 жобасы ұсынылған «Үздік тәжірибелер аймағы», тақырыптық павильондар мен Қазақстанның алғаш заманауи өнерінің орталығы орналасқан АРТ-орталығы қамтылған туристік аймақты келушілер үшін ресми түрде ашқаны туралы естеріңізге салайық.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Алғашқы екі күн келушілер үшін тегін болды. Билеттер ресми түрде 14 қарашадан бастап сатылатын болады. «Нұр Әлем» павильонын, тақырыптық павильондарды, «Үздік тәжірибе аймағын» және АРТ-орталығын қамтитын билеттің бағасы 1500 теңгені құрайды. ҰОС қатысушыларына, барлық топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, көп балалы аналарға және 6 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балаларға кіру тегін. Оқушылар үшін 500тг, студенттер үшін 800тг, ал зейнеткерлер үшін 500тг.

Сонымен қатар, 1 мыңға жуық автокөлікке арналған жер асты тұрағы қызмет етуде, оның алғашқы үш сағаты тегін, ал келесі сағаттары 100 теңгеден. Жер асты паркингке Т.Рысқұлов көшесінен (оңтүстік кіреберіс) кіруге болады.

 

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017