Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / EXPO 2017 тағы да келушілер саны бойынша рекорд қоюда

Өткен демалыс ішінде қайта ашылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің туристік аймағына 18 мың адам келген.

Соның ішінде 11 қарашада – 7 мың, 12 – 11 мыңға жуық адам.

Еске салсақ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Халықаралық мамадандырылған көрмесі аяқталғаннан кейін тура екі ай өткен бойдан «Нұр Әлем» павильоны әрі Болашақ энергиясы музейі, әлемнің 13 елінен әкелінген жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы 24 үздік жобасы ұсынылған «Үздік тәжірибелер аймағы», тақырыптық павильондар және Қазақстандағы алғашқы заманауи өнер орталығы орналасқан Арт-орталығы кірген көрме кешенінің туристік аймағын келушілер үшін ашты.

Ашылу күнінде көрмеге алғашқылардың бірі болып Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев келді.

Алғашқы екі күн келушілер үшін тегін болды. Билеттердің ресми сатылымы 14 қарашада басталады.

«Нұр Әлем», Тақырыптық павильондар, Үздік тәжірибелер аймағы және АРТ-Орталығына кіру билетінің бағасы 1500 теңге болмақ.

Ұлы отан соғысы қатысушылары, барлық топтағы мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы аналар мен 6 жасқа толмаған (қоса алғанда) балалар үшін кіру тегін! Басқа билеттер:

-         оқушылар үшін 500 тг.;

-         студенттер үшін 800 тг.;

-         зейнеткерлер үшін 500 тг.

Сондай-ақ1 мың орынға арналған жерасты көлік тұрағы қызмет етіп, мұндағы алғашқы үш сағат тегін, одан кейінгі әр сағаты 100 теңге. Жерасты көлік тұрағына кіру Тұрар Рысқұлов көшесінен жүзеге асырылады (оңтүстік кіру тобы).

 

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017