Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Польшалық қонақтар EXPO 2017 көрмесінен үлкен әсерде қалды

Польшада EXPO 2017 халықаралық мамандандырылған көрмені талқылауды жалғастыруда

Сарапшылардың пікірінше, көрме Қазақстан мен Польша арасындағы екіжақты қарым-қатынастың дамуына оң әсерін берді.

Еуропалық әріптестер өз инновацияларын таныстырып, серіктестерімен жемісті келіссөздер жүргізе ады.

Көрме барысындаға Астанада өткен Қазақстандық-польшалық форумға Польшадан келген көптеген кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысты. Нәтижесінде 10 келісімге қол қойылды.

«Көрме аяқталды, енді EXPO 2017 барысында біздің кәсіпкерлер мен инвесторлар арасында өткен кездесулер үлкен нәтижесін береді деген ойдамыз. Инвесторларымыздың айтуынша, Қазақстандағы әріптеріміз тамаша. Олар инвестиция құюға дайын екендігіне көз жеткіздік. Жылдың басынан Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымының өсімін айтуға болады. Алғашқы екі квартал ішінде бұл өсім 60% асты. Бұл біздің ортақ жетістігіміз!» - дейді Польша даму министрінің орынбасары Ядвига Эмилевич.

Ядвига Эмилевичтің сөзінше, EXPO 2017 – екі ел үшін де маңызды әрі жемісті жоба.

«Мен Қазақстанға барып, «ЭКСПО-ны» көрдім. Оны тек Қазақстан үшін ғана емес, Польша үшін де жемісті болғанын айта кетейін. Көрме аясында мемлекет көптеген қонақтарды қабылдады. Олардың ішінде Елбасымен кездескен Польша Президенті Анджей Дуда да бар. Осындай ауқымды шарадан соң, қазақстандықтар Польшаға тек инвестиция салу үшін, демалуға да көптеп келеді деген ойдамын. Бір-бірімізден алшақ орналасқанымызға қарамастан, біздерді Варшава мен Астана арасындағы тікелей әуеқатынасы байланыстырып отыр».

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017