Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Өзбекстан гидроэнергетика әлеуетін нығайтуда

Жаңа су электр станциясы Өзбекстанның Шарбақ ГЭС-нен кейін қуаттылығы бойынша екінші станцияға айналмақшы

Өзбекстан Орталық Азиядағы ірі су нысаны – Піскем ГЭС құрылысының жобалау-іздестіру жұмыстарына кірісті.

Sputnik Өзбекстан хабарлағандай, Ташкент облысы Бостанлық ауданының Піскем өзенінде орналасатын жаңа суэлектр станциясы Өзбекстанның Шарбақ ГЭС-нен кейін қуаттылығы бойынша екінші әрі өңірдің ірі станциясына айналмақшы. Оның қуаттылығы 400 МВт жуық болып, жылдың орташа электр қуатын өндіру көрсеткіші – 900 миллионов киловатт/сағатқа жетпек.

Жобаның жалпы құны 800 миллионов долларданы асып, оның негізгі бөлігін Өзбекстанның өзі инвестициялайды. Сонымен бірге қытайлық Эксимбанк тарапынан 240 миллион доллар көлеміндегі несиелік қаржыны тарту көзделген.

«Жаңа станция Ташкент облысын ғана электр қуатымен қамтамасыз етпей, барлық жүйедегі шыңдық жүктемесін азайтып, республика үшін су шараушалығы бойынша зор маңызға ие болады. Соның ішінде, бұл аграрлық секторды сумен қамтамасыз етеді», - деп хабарлады ғаламтор басылымына «Өзбекгидроэнерго» өкілі.

Бүгінде Өзбекстанда 430 астам өзен және өзге де су күре жолдары бар, олардың жалпы ұзындығы 12,7 мың шақырым. Жыл сайын республикада электр қуатының 60 миллиард киловатт/сағаты өндіріліп, оның 6,5 миллиардтан астамы ГЭС тиесілі. Қолдағы ресурстар, мамандардың болжамынша, орташа мерзімді болашақта өзбек ГЭС электр тоғы өндірісін жылына 27,4 миллиард киловатт/сағатқа дейін жеткізеді.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017