Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / EXPO 2017 италиялық бизнесті Қазақстанда жаңа жобаларды бастауға жігерлендірді

Қазақстан италиялық бизнеске жаңа жобаларды ұсына алады

Саясатшылар, бизнес өкілдері, италиялық депутаттар және көрме қонақтары екі мемлекеттің серіктестігі мен жаңа жобаларды талқылау үшін Римде бас қосты, деп хабарлайды 24kz.

Конференция Қазақстанның Италиядағы елшілігі италиялық жоғары геосаяси зерттеулер институтымен бірігіп, инвестиция тарту мақсатында ұйымдастырған.

Қазақстан үшін Италия – саудада басты серіктес. Себебі бұл ел біздің мемлекетке бүгінге дейін алты миллиард доллардай қаржы құйды. Енді халықаралық ЕХРО көрмесінің нәтижесі бойынша мемлекет италиялық кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер мен жобалар ұсына алады. Алдымен туризм саласында, содан соң баламалы энергетика мен жасыл технологиялар бағыты қолға алынады.

«Бүгін біз ЭКСПО-дан кейінгі Қазақстанның рөлін талқылап жатырмыз. Еуропа елдері, оның ішінде Италия үлкен қызығушылық танытып жатыр. Соңғы кездері өзара ынтымақтастық қарым-қатынасымыз едәуір нығайып келеді. Болашақта да серіктестігіміз беки түспек. Өйткені, Қазақстан баламалы энергетика саласында көптеген мүмкіндіктер ұсынып отыр. ЭКСПО тақырыбы осындай болған. Еуропа үшін бұл өте қызықты», - дейді Италиядағы Жоғары геосаяси зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Алессандра Бениньетти.

 

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017